Күшін жойған НҚА

Аудан әкімдігінің кейбір актілерінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Аудан әкімі А.Жүсібалиев
ЖОБА
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ, ТЕМІР АУДАНЫ
САРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ
«Шектеу іс-шараларын алу және
2016 жылғы 3 тамыздағы № 22
«Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
шешімінің күшін жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес,Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы №14-01/300 ұсынысы негізінде Саркөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Саркөл ауылдық округінің «Масло-Пром» қыстағындағы «Баймагамбет» қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 3 тамыздағы №22 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5031 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 тамыздағы «Темір» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Саркөл ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қазандағы №27 «Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» шешімі жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Саркөл ауылдық округінің әкімі К.У. Шалманов
ЖОБА
«Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» 2016 жылғы
14 шілдедегі № 2 шешімінің
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы №14-01/299 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі №2 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5026 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамыздағы «Темір» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин