Темір аудандық ПБ  «Қауіпсіз жол» - атты жедел профилактикалық іс – шара жүргізуде.

Құрметті аудан тұрғындары!2020 жылдың қыркүйек айының 2-12 аралығында «Қауіпсіз жол» - атты жедел профилактикалық іс – шарасы жүргізілуде.Іс-шараның негізі Темір ауданы аумағына қарасты Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілердің жолдағы жол қозғалыс қағидасының тәртібін сақтауын және жол көлік оқиғасының алдын алу болып табылады.Осыған байланысты Темір ауданы бойынша көлік құралының жүргізушілері мен жолаушы тасымалдаушы жүргізушілеріне, тас жолдарда жол қозғалыс қағидасы талаптарын сақтап, жол көлік оқиғасының алдын алуға шақырамыз.Қазіргі уақытта үй жануарларының қатысуымен де жол көлік оқиғасы жие кездесуде. Сондықтан жол көлік оқиғасы жүргізушіге ғана емес, үй жануарлары иелері өздерінің үй жануарларын күтіп ұстауына да байланысты болып отыр.Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде Темір аудандық ПБ-мен жол қозғалысы тәртібі мен үй жануарларының қатты төсеніш, бетонды тас жолдарға шығуына жол бермеу және ол үшін үй жануарларының иелеріне қатаң шара қолданылатыны туралы ескертеміз.