Аудан әкімінің конституция күнімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!Сіздерді 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылып қана қоймай, тарихи тағдыр байланыстырған Қазақстан халқының бірлігін нығайта түсу арқылы ел тәуелсіздігін бекем ете түсуге қызмет етіп келеді.Конституцияның басты ережелеріне сүйене отырып, біз ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргізіп, демократиялық қоғамның негізін қаладық.Осының бәріне Елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы нақты қадамдары, халқымыздың ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткіздік.Ауданымыз қарыштап дамып, жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалуда. Мектептер мен балабақшалар салынып, медициналық қызметтің, білімнің сапасы артып, жол жөндеу жұмыстары да қарқынды дамып келеді.Халықтың, әсіресе жастардың бос уақытын пайдалануда қажетті жағдай жасалып отыр.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шұбарқұдық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 320 орындық мектеп-интернаттың құрылыс жұмыстары аяқталады. Осы жылы аудан орталығында бірқатар көшелердің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары төселуде.Сонымен қатар, Кеңестуы, Алтықарасу ауылдық округтерінің кіре-беріс жолдары күрделі жөндеуден өтті.Қымбатты темірліктер!Ең бастысы, қоғамда ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісім мығым орнап отыр. Осы жетістіктердің барлығы біздің Конституциямыздың негізінде жатыр.Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Ата заңымыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!Айтулы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табыс пен тұрақтылық тілеймін!Мереке құтты болсын!Темір ауданының әкімі:Ж.Батырхан