Мұқтаж отбасы оқушыларына «Планшет» алып беруге шақырамыз!

Мұқтаж отбасы оқушыларына «Планшет» алып беруге шақырамыз!Өздеріңізге мәлім болғандай биылғы білім алу жүйелеріне бірқатар өзгерістер енгізілді. Солардың қатарында мектеп жасындағы оқушалардың білім алу мәселесі бар. Бұйырса алғашқы жартыжылдықта оқушылар онлайн, яғни қашықтан интернетпен білім алуды бастайды. Осы жағдайды ескере келе біздерді кейбір отбасылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайының төмендігі алаңдатып отыр. Осыған орай ҚМДБ Ақтөбе облысы, Темір аудандық "Досжан ишан" мешіті сіздерді мұқтаж отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына интернетпен білім алуына үлкен септігін тигізетін «ПЛАНШЕТ» алып беруге атсалысуға шақырады.@doszhan_ishan_meshit