«Сенде бір керпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» туған өлкені өркендету конкурсы

«Сенде бір керпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»
туған өлкені өркендету конкурсы
10.07.2020. - 21.08.2020
Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасы туған өлкені өркендету конкурсын өткізуде. Конкурсқа барлық жас санаттарындағы азаматтар қатыса алады. Кәмелетке толмаған тұлғалар өкілі ретінде олардың заңды өкілдері қатысады. Қатысушылар өздерінің тұрғылықты жері бойынша туған өлкені дамыту туралы барлық сала бойынша ұсыныстарын Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасының s.kazbagambetov@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайға сипаттамасын (еркін нысанда) электронды түрде 21.08.2020 ж. дейін жібере алады. Егер техникалық шешім, құрылғы, макет ж.т.б. болса онда, фотосурет және қолданудың толық сипаттамасы келтіріледі.
Ұсыныс А4 форматындағы Microsoft Office Word 14 шрифтте төрт бетке дейін болу керек. Конкурстық жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады. Мазмұны ҚР заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеу тиіс.
Конкурстық жұмыс мыналардан тұрады:
- конкурсқа қатысуға өтінімдер (қосымша);
- ұсыныс, немесе техникалық шешімдердің фотосуреттері, құрылғы, макет ж.т.б. сипаттамасы
Конкурс мақсаттары:
- инновациялық идеяларды дәріптеу және насихаттау;
-туған жерге патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
-елдің дамуына тәжірибелік қатысу деңгейін жоғарылату;
- зияткерлік меншік саласын дамыту.
Жеңімпаздар 2020 жылғы 26 тамызда жарияланады. Жеңімпаздар сыйлық және дипломмен марапатталады.
Конкурсқа қатысу үшін өтініш үлгісі
1
Тегі, Аты, Әкесінің аты
2
Туған күні
3
e–mail
4
Телефон
5
Пошталық мекенжай
6
Жұмыс жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
«БЕКІТЕМІН»
Мұғалжар ауданаралық әділет басқарма басшысы
Казбагамбетов С.К.________
2020 ж. «___» __________
«Сенде бір керпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан»
туған өлкені өркендету конкурсының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы ереже азаматтар арасында туған өлкені өркендету конкурсын өткізу шарттары мен тәртібін анықтайды.
1.2. Конкурс 2020 жылғы 10 шілде мен 21 тамыз аралығында Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасымен өткізіледі.
2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
2.1 Конкурс азаматтарды туған және тұратын аймағын дамытуға ынталандыру мақсатында өткізіледі.
2.2. Мақсаттар:
- инновациялық идеяларды дәріптеу және насихаттау;
-туған жерге патриоттық сезімдерін қалыптастыру;
-елдің дамуына тәжірибелік қатысу деңгейін жоғарылату;
- зияткерлік меншік саласын дамыту.
3. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Қатысушылар - барлық жас санаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары. Кәмелетке толмаған тұлғалар өкілі ретінде олардың заңды өкілдері қатысады.
4. Конкурсты өткізу шарттары
4.1. Өтінімдер 2020 жылғы 10 шілдеден бастап 21 тамызға дейін Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасымен қабылданады.
4.2. Құжаттар қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін 2 жұмыс күн ішінде конкурстық жұмыстарды комиссия қарап, оның қорытындысы жүлделі орындарға ие болған жұмыстарды анықтайды.
4.3. Конкурстық комиссияның құрамына мемлекеттік Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасының, «Атамекен» ҰКП, волонтерлық қозғалыстар өкілдері кіреді.
5. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
5.1. Қатысушылар өздерінің тұрғылықты жері бойынша Мұғалжар ауданаралық әділет басқармасының s.kazbagambetov@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайға туған өлкені дамыту туралы ұсыныстың сипаттамасын (еркін нысанда) электронды түрде жібереді.
Егер техникалық шешім, құрылғы, макет ж.т.б. болса онда, фотосурет және қолданудың толық сипаттамасы келтіріледі.
Конкурстық жұмыс мыналардан тұрады:
- конкурсқа қатысуға өтінімдер (қосымша);
- техникалық шешімдердің ұсыныстары немесе фотосуреттері, құрылғы, макет ж.т.б.
5.2. Автормен ұсынылған эссе А 4 форматындағы Microsoft Office Word бағдарламасында орындалған төрт бетке дейін болу керек. Мәтінде жалпы қабылданған атаулардан басқа атаулардың қысқартуына, сондай-ақ бөтен материалдардың қарызға алунуына жол берілмейді.
5.3. Мәтін шрифті (қаріпі) Times New Roman, 14 кегль, 1 интервал.
5.4. Конкурстық жұмыс мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін.
5.5. Конкурстық жұмыс осы Ереженің 4.1-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
5.6. Мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына және мораль нормаларына қайшы келмеуге тиіс.
5.7. Конкурстың шарттарына сәйкес келмейтін конкурстық жұмыстарды комиссия қарамайды. Конкурсқа қатысу және оның нәтижелері бойынша шағымдар қабылданбайды.
6. Конкурстың бағалау өлшемдері
6.1. Ең үздік жұмысты таңдау келесі өлшемдер бойынша жасалады:
- өтінім берілген тақырыпқа сәйкестігі
- істе қолданылуы
- жүзеге асыруға толық дайындық
- қорытындылардың негізділігі
- ресімдеудің талаптарға сәйкестігі
- зияткерік меншік құқықтарын сақталуы.
7. Авторлық құқықтар
7.1. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық жұмыстарды жібере отырып, қатысушылар авторлық құқықтардың сақталуына кепілдік береді және үшінші тұлғалар талаптарын ұсынған кезде туындайтын мәселелерді өз бетімен және өз есебінен реттейді.
7.2. Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор бірден, конкурсты ұйымдастырушыларға ұсынылған конкурстық жұмысты авторлық құқықтың бүкіл қолданылу мерзімі бойы эфирге хабарлау, кәбіл арқылы жалпы жұрттың назарына жеткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әрі қарай тираждау, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріне аударужолымен пайда түсірместен пайдалану құқығын береді.
7.3. Конкурсқа қатысушылар өздерінің жеке деректерін өңдеуге (конкурсқа қатысушылар ұсынған тегі, аты, әкесінің аты, электрондық пошта мекенжайы және басқа жеке деректер) келіседі.
7.4. Конкурсқа жіберілген материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
8. Конкурсты қорытындау
8.1. Конкурстың қорытындыларын конкурстық комиссия шығарады.
8.2. Конкурстық комиссия материалдардың талаптарға сәйкес болуын қарайды және жеңімпаздарды анықтайды.
8.3. Жеңімпазды марапатталуы
3 орын –
2 орын –
1 орын –
Жеңімпазды ұйымдастырушы 2020 жылғы 26 тамызда жариялайды.
1 қосымша
«Сенде бір керпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» тақырыбы бойынша
туған өлкені өркендету конкурсқа қатысу үшін
ӨТІНІШ
1
Тегі, Аты, Әкесінің аты
2
Туған күні
3
e–mail
4
Телефон
5
Пошталық мекенжай
6
Жұмыс жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)