АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Темір аудандық жер қатынастары бөлімі 2020 жылдың 29 мамырындағы сағат 10:00-де Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, №3 мекен-жайында Н.Байғанин атындағы Темір аудандық Мәдениет үйінде өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді.
Аукционға ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
Лоттың
Сауда өткізу тәсілі мен әдісі
Құқықтан айыру түрі
Жер учаскесінің алаңы (га)
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Бастапқы бағасы, теңге
Кепілдік сомасы, теңге
Жер салығы, жылдық төлеу, теңге
Шектеулер
1
Аукцион (ағылшындық әдіс)
1 жыл жалдау құқығына алу
0,0024
павильон орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Вокзвл Алаңы көшесі
249
138 900
35
2
Аукцион (ағылшындық әдіс)
1 жыл жалдау құқығына алу
0,0024
павильон орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Вокзвл Алаңы көшесі
249
138 900
35
3
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
0,3
үй жайларды (құрылыстар мен ғимараттар) орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Қызылжар м.а.
71 370
138 900
4320
4
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
0,1
Көлік жуу ғимаратын орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Теріскей көшесі
18 300
138 900
1440
5
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
0,2
Газ құю бекетін орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Ақтөбе – Атырау тас жолы бойынан
47 580
138 900
2880
6
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
0,0821
үй жайларды (құрылыстар мен ғимараттар) орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, Асау барақ көшесі
25 541
138 900
1182
7
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
0,3
Ғимараттарды орналастыру және қызмет көрсету үшін
Темір ауданы, Шұбарши ауылдық округі, Шұбарши кенті, КазССР 50 Жылдығы көшесі
25 200
138 900
4320
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әр бір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін,бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі бастапқы бағасының өсуіне қарай. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, «Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Темір ауданы әкімдігінің тиісті шешімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әр бір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, №5, 37 кабинетінен алуға болады.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты.
заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, № 5, 37 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71346) 2-21-22, 49-084