АҚСАЙ АУЫЛЫН ГАЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Ж.Қалмағанбетов Ақсай ауылына газ тарту жұмыстарының барысымен танысып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге жауапты мердігерлермен кездесті.Көгілдір отын мәселесі отын жарып, күл шығарып, тұрмыстың бейнетін көріп келген ауыл тұрғындарын көп жылдар бойы толғандырып келген еді. Тұрғындардың өтініштерінің негізінде іске асып жатқан бұл жобаны 2 жыл ішінде аяқтау көзделіп отыр.Газ құбыры Ақсайдан 18 шақырым қашықтықта орналасқан Мұғалжар ауданына қарасты Талдысай ауылының үстімен өтетін желіден тартылатын болады.