Хабарландыру

Қарағанды академиясы білімалу —бұл сапалы білім мен және жұмыс пен қамтамасыз етуге кепілдік!
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Темір ауданы полиция бөлімі ҚР ІІМ Қарағанды академиясына түлектерді күндізгі оқу нысаны бойынша ақысыз оқуға үміткерлерді қабылдауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы "Құқық қорғау қызметі" мамандығын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша төмендегі мамандандырулар бойынша оқытады:
- Ішкі істер органдарындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
- Ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық қызметі
Оқытудағы артықшылықтар
- Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай қамтамасыз ету, тегін медициналық қызмет көрсету, каникулдық демалыс кезеңіне қала аралық автомобиль (таксиді қоспағанда), теміржол көлігімен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейін қайтуға жол жүру ақысы төленеді;
-күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргенде (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі);
-түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызмет өткеруге жіберумен 100 % жұмысқа орналастыру;
-оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" дипломы және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта арнаулы немесе орта білімі бар, жасы он 16 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар қабылданады, ер адамның бойы 170 см-ден кем емес, қыз баланың бойы 160 см-ден кем емес болу қажет.
Үміткерлерге ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) тапсыру кезінде ерекше назар аударып, бейінді пәндерді таңдау қажет:
-Дүние жүзі тарихы;
-Адам, қоғам, құқық.
Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ-дан 50 балдан кем емес, оның ішінде әр пәннен 5 балдан төмен емес балл жинау қажет.
Құжат тапсыру мен үміткерлермен әңгімелесу күн сайын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18.30-ға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында Темір ауданы ПБ бастығының кадыр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Т.Тлепинмен № 3 кабинетте өткізіледі тел: 2-38-29, 8-778-804-16-24.
Үміткерлер өздерімен бірге жеке басын куәландыратын, ер азаматтарға – әскери комиссариаттан әскери қызметке жарамдылығы немесе шағын әскери қызметке жарамдылығы туралы куәлік алып келуі қажет.