Баспа сөз

25.08.2020 – Тасқопа ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына баспа сөз релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 2-14-07/286 ұсынысы негізінде Тасқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Тасқопа ауылдық округі Тасқопа ауылы Жаңабаз қыстағында орналасқан «Айбол» шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Аталған нормативтік құқықтық акті жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 25.08.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқықтық актінің көпшілік талқылау мерзімі 09.09.2020 дейін.
30.07.2020 Темір ауданы әкімдігінің «Темір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №260 «Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулы жобасына баспа – релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №260 «Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6490 тіркелген, 2019 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 30.07.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 13.08.2020 жылға дейін.
30.07.2020 – Темір ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 «Темір ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасына баспасөз – релизі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 1 «Темір ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 30.07.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 13.08.2020 жылға дейін.
30.07.2020 – Темір ауданы әкімдігінің «Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі №195 «Темір ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына баспа – релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi «Сауда қызметiн реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 195 «Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5658 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 9 қазанында жарияланған) қаулыға мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 30.07.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 13.08.2020 жылға дейін.
30.07.2020 – Темір ауданы әкімдігінің «Темір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №260 «Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына баспасөз – релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 бабының 6 тармағына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы №260 «Темір ауданы бойынша салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6490 тіркелген, 2019 жылы 27 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 30.07.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 13.08.2020 жылға дейін.
30.06.2020 – Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
шешімінің жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 02-15-07/244 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыңды ауылдық округі Құмқұдық ауылы Ағатай жайлауында орналасқан «Номад-Келбатыр» шаруа қожалығының аумағында түйе малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс - шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары алынсын.
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7024 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 30.06.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 15.07.2020 жылға дейін.
06.04.2020 – Қайыңды ауылдық округі әкімінің «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 2-14-17/ 83 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түйе малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қайыңды ауылдық округі Құмқұдық ауылына қарасты Ағатай жайлауында орналасқан «Номад-Келбатыр» шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 06.04.2020 жылы орналастырылды. Нормативтік құқытық актінің жобасын көпшілік талқылау мерзімі 20.04.2020 жылға дейін.
03.04.2020 Шектеу белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 2-14-17/ 83 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түйе малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қайыңды ауылдық округі Құмқұдық ауылына қарасты Ағатай жайлауында орналасқан «Номад-Келбатыр» шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 03.04.2020 жылы, temir.aktobe.gov.kz Темір ауданы әкімдігінің ресми сайтында 03.04.2020 жылы орналастырылды.
17.03.2020 Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағынан карантинді алып тастау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 28 ақпандағы № 2-14-17/48 ұсынысы негізінде Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аймағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілгеніне байланысты Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағында белгіленген карантин алынсын.
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 «Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылына карантин белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6776 тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 17.03.2020 жылы, temir.aktobe.gov.kz Темір ауданы әкімдігінің ресми сайтында 17.03.2020 жылы орналастырылды.
05.03.2020 Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 7232 бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 «Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3788 тіркелген, аудандық «Темір» газетінде 2014 жылғы 14 наурызында жарияланған) және Темір ауданы әкімдігінің «Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 27 «Темiр ауданының мемлекеттiк жалдау үйлерiнде жалдау ақысының мөлшерiн белгiлеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3976 тіркелген, аудандық «Темір» газетінде 2014 жылғы 8 тамызында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 05.03.2020 жылы, temir.aktobe.gov.kz Темір ауданы әкімдігінің ресми сайтында 05.03.2020 жылы орналастырылды.
17.03.2020
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы, Кеңқияқ ауылдық округі, Бәшенкөл ауылы аумағынан ауылдарды байланыстырып отырған автокөлік жолын пайдалану үшін жалпы көлемі 1,063 га жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 17 жыл мерзімге жер учаскелеріне қауымдық сервитут негізінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Осы нормативтік құқықтық акт жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Шешім жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында көпшілік талқылау үшін 17.03.2020 жылы, temir.aktobe.gov.kz Темір ауданы әкімдігінің ресми сайтында 17.03.2020 жылы орналастырылды.
Добавлено: 
31.12.2019 - 05:00
Последние изменения: 
25.08.2020 - 05:00