Хабарландыру!

Мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін жаңа қосымшаның бірқатар ерекшелігі бар. Барлығын рет-ретімен түсіндіріп өтейік.Жаңа атауы: eGov mobileAppStore не PlayMarket-тен қосымшаны іздеген шақта сізге бұрынғы mGov нұсқасы шығуы мүмкін. Бұл үшін nitec.kz өндірушісін тауып, ұсынылған қосымшалардың ішінен eGov mobile-ды таңдайсыз.Қосымшаға кіру: Қосымшаны жүктегеннен кейін сіз өз цифрлық қолтаңбаңызды 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (смартфондағы Face ID, Touch ID мүмкіндіктері) тіркеп қоя аласыз. Кейін жүйеге кірген кезде сізден ЭЦҚ не құпиясөз талап етілмейтін болады.eGov mobile-ды пайдалану: Қосымшаның өзінде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берілген. Осылайша әзірлеушілер – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.Ұсынылатын қызметтер: Қазіргі уақытта қосымшада 28 қызмет қолжетімді. Олар: базалық зейнетақы төлемін есептеу мөлшері туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қызметтер тізімі толықтырылатын болады.Игілігіңізге пайдаланыңыз! #Oqytoqy