АУДАН ҚҰРАМАСЫ ЫРҒЫЗ ЖЕРІНЕН ОЛЖАЛЫ ҚАЙТТЫ

5 қазан күні Ырғыз ауданында футбол және үстел теннисінен мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық турнир өтті.
Аталған жарысқа ауданымыздың мемлекеттік қызметшілер құрамасы қатысып, екі сайыстан да жеңімпаз атанып қайтты.
Аудан құрамасы футболдан ерекше ойын өрнегін көрсетіп, тұғыр биігінен көрінсе, үстел теннисінен аудан намысын қорғаған құрама ойыншысы Нұрпейіс Сәрсенбаев қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Құттықтаймыз!!!