Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі
Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген
№_1_
«12» _01_2019 жыл
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Ақсай ауылдық округі»
(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)
Ақтөбе облысы Темір ауданы
(аудан және облыс атауы)
2019-2021 жылдарға
Әзірлеуші: «Ақтөбе облысы Темір ауданы
Ақсайауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-сі
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Бағдарламаның атауы
2019-2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары
- Ақсай ауылдық округтің құрылу кезеңі 1995 жыл;
-халық саны 806 адам;
- ауылдық округтің құрамына кіретін ауылдардың саны біреу: Ақсай ауылы;
- аумақ110906 га;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім – 01.01.2018 жыл;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының 7 мүшесі бар.
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту
2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
Ақсай ауылдық округі аудан орталығынан 35 км, облыс орталығынан 173 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің құрамына бір елді мекен кіреді. Ауылдық округтің жалпы жер көлемі – 110906 га.
Соңғы санақ қорытындысына сәйкес округте 846 адам есепке алынған, оның ішінде ерлері 441, әйелдері 405. Зейнеткерлер 65, мүгедектер 15, 18-ден 29-ға дейін 143 жастар, оқушылар 104, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 107 және жұмыссыздар 2. Жалпы аула саны 173.
Экономикалық белсенді тұрғындар саны 508. Оның ішінде жалдамамалы жұмысшылыр 325, өзін-өзі қамтыған тұрғындар 128 (оның ішінде: заңды тіркелген жеке кәсіпкерлер 28, ал тіркелмеген өзін-өзі қосалқы шаруашылықпен қамтыған тұрғындар 107).
Қазіргі таңда округте: ауылдық әкімдік, мектеп балабақша, мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, фельдшерлік пункт, «Қазпошта» және «Қазақтелеком» акционерлік қоғам бөлімшелері тұрақты тұрде қызмет етеді. Елді мекенде жалпы әлеуметтік мекемелер саны 9.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Ақсай ауылдық округі бойынша 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3 ауыл шаруашылық кооперативі және 51 шаруа қожалығы тіркелген. Оның ішінде: 2017 жылы құрылған ауыл шаруашылық кооперативтер саны екеу (негізгі бағыты мал шаруашылығы).
2019 жылдың 1 қаңтарына: ірі қара 4405, қой-ешкі 7656, жылқы 1230, түйе 28.
Кәсіпкерлік саласы бойынша елді мекенде барлығы 28 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде: мал шаруашылығы бағытында 9, транспорттық 3, қызмет көрсету бағытында 6 (дүкен 5, наубайхана 1), монша 2, сот.телеф.жөңдеу 1, өзге қызметтер 7.
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):
- Алдағы міндеттер:
- елді мекенді газдандыру жұмыстары;
- ірі қара мал бордақылау алаңың салу
- сүт қабылдау пунктін ашу
- мал бордақылау алаңын ашу;
- шағын және орта бизнесті дамыту
- асыл тұқымды мал басын көбейту
- жаңа кәсіппкерлік ашу
- «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыру
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
р/c
Іс – шаралар атауы
Аяқтау нысаны
Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)
қаржыландыру көзі
Іске асыру мерзімдері
1
Н.Байғанин ескерткішіне ағымдағы жөндеу
2019
80 мың
демеушілік
2019
2
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер белгісін жаңалау
2019
120 мың
демеушілік
2019
3
Сүт қабылдау пунктін ашу
2019
Өз қаражаты
2019
4
Мал сою алаңын ашу
2019
Өз қаражаты
2019
5
Елді мекенге газ құбырын тарту
2018-2020
990 млн
р/б
2018-2020
7
Абаттандыру-көгалдандыру жұмыстары
2018-2020
1 млн
2018-2020
8
Орталық паркті қайта жаңарту
2019
550 мың
2019
9
Ауыл шаруашылық жерлерін өртттен т.б зиянды заттардан сақтау
үнемі
үнемі
10
Ауылға кіре беріс және ауыл іші жолдарын тегістеу
2020
800 мың
өнірлерді дамыту бағдарламасы
2020
11
мал бордақылау алаңын ашу
2019-2020
Өз қаражаты
2019-2020
12
Жаңа кәсіпкерлер ашу
2018-2020
2018-2020
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.