ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасының ұсынылатын үлгісі
Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен бекітілген
№ 2
« 02 » қаңтар 2019 жыл
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Шұбарши ауылдық округі»
(аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің атауы)
Ақтөбе облысы Темір ауданы
(аудан және облыс атауы)
2019-2021 жылдарға
Әзірлеуші: «Ақтөбе облысы Темір ауданы
Шұбаршиауылдық округі
әкімінің аппараты» ММ-сі
ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Бағдарламаның атауы
2019-2021 жылдарға арналған Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылдық округті дамыту бағдарламасы
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары
- Шұбарши ауылдық округтің құрылу кезеңі1959 жыл;
-халық саны 4071 адам;
- аумақ15248 га;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзім – 01.01.2018 жыл;
- жергілікті қоғамдастық жиналысының 18 мүшесі бар.
II. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1 Аудандық маңызы бар қаланы, ауылды, кентті, ауылдық округті дамыту
2019-2021 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) ауыл халқы мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.
2019 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 4071 адамды құрайды.
Ауылдық округ бойынша 20 ЖШС жеке кәсіпкер тіркелді.
Мал шаруашылығы - шаруа қожалықтары қызметі жоқ.
Бағдарлама экономикалық көрсетілетін қызметтерді, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарын құруға байланысты және т. б. мәселелерді қозғайды.
Бұдан әрі экономика салаларының дамуын талдау: өнеркәсіп, ШОБ, АШ және т. б.
Бүгінгі күні округте шағын және орта бизнестің 108 нысаны тіркелген. Оның ішінде 2 ЖШС, 32 дүкен, 3 шаштараз, 1 дәріхана, 3 тойхана, 1 фотосалон, 2 көлік жөндеу, 1 көлік жуу, 4 дөңгелек жөндеу, 1 монша, 2 такси қызметі, 2 шағын тігін цехы, 1 сауда үйі халыққа қызмет көрсетеді.
Шұбарши ауылдық округі бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жеке кәсіпкер Кадекқызы Оралхан Жүк тасымалдау көліктерін алу үшін – 26 млн. 800 мың теңге көлемінде несие алды.
2.2 Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Келесі мәселелерге қатысты болуы мүмкін проблемалар мен тәуекелдердің қысқаша сипаттамасы (салалар бөлінісінде ұсынылады):
- Шұбарши елді мекенде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруды ұйымдастыру;
- елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, санкцияланбаған, қоқыстарды жою.
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Іс-шаранын атауы
Аяқтау нысаны
Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)
Қаржыландыру көзіІске асыру мерзімдері
1
2
3
4
56
I.БІЛІМ БЕРУ
1.1
Темір ауданы Шұбарши ауылы 60 орындық интернаты бар 320 орындық орта мектебі
2020 жыл
1 200000000
Облыстық бюджет2019-2020 жыл
1.2
Шұбарши дәрігерлік амбулатория
2020 жыл
-
Облыстық бюджет2019-2020 жыл
IІ. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
2.1
8 тұрғын үй
2019 жыл
9 000 000
Аудандық бюджет2019 жыл
ІІІ. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ, ТУРИЗМ
3.1
Шұбарши Мешіт құрылысы
2019-2020 жыл
20 000 000
Демеушілік арқылы2019-2020 жыл
3.2
Шұбарши округіне арка орналастыру
2019 жыл
2 700 000
Демеушілік арқылы2019 жыл
3.3
Спорт кешені
2020 жыл
130 000 000
Облыстық
бюджет2020 жыл
ІV. КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ
4.1
Нефтяник, Геолог көшелерінің жолын жөндеуге сметалық жобалық құжатын жасату
2019 жыл
1 000 000
Облыстық
бюджет2019 жыл
4.2
Шұбарши ауылының Мұнайшы, Геолог көшелерінің асфальтына күрделі жөндеу
2019
-
Облыстық
бюджет2020 жыл
Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбарши ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.