МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Ж.ҚОЙШЫБАЕВ «SMART TEMIR» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ПРЕЗЕНТАЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ Қадірменді аудан тұрғындары! Кешегі өткен Президент жолдауындағы Қ.К.Тоқаевтың халық пен биліктің арасындағы байланысты нығайту туралы бастамасын орындау мақсатында, аудан әкімі Ж.Қалмағанбетовтің тапсырмасы негізінде, бүгіннен бастап ауданымызда «Smart Temir» мобильді қосымшасы іске қосылды.Ендігі таңда, әрбір аудан тұрғыны үшін SMART TEMIR қосымшасы арқылы:• Аудан жаңалықтары;• Білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (мектеп, бала-бақша кезегіне тұру, бала-бақша төлемдерін өтеу, электрондық күнделік, кітапханалар туралы ақпарат);• Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтер;• Халық қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтер (қажетті анықтамаларды алу, үй, жер кезегіне тұру және т.б.);• Азық-түлік бағасына қатысты ақпараттар;• Такси қызметіне қатысты ақпараттар;• Учаскелік полиция қызметкерлері туралы ақпарат;• Салық, айыппұл, коммуналдық және байланыс төлемдерін өтеу;• «Даму» және «Атамекен» бағдарламалары;• Валюта бағамы;Агроөнеркәсіп саласы және т.б. әлеуметтік маңызы бар қызметтер қолжетімді болды.Аталған жүйені Android базасына (ІОS жүйесіне алдағы аптадан бастап) PlayMarket қосымшасы арқылы жүктей аласыздар.