ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ.

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ.ЖШС "Алихан Ойл 3" пен С.Бəйішев атындағы білім ордасының ұйымдастыруымен, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында "Ақтөбе өңіріндегі тарихи тұлғаларға тағзым" атты ғылыми-танымдық экспедиция жолға шыққан болатын. Экспедиция 6 ауданның аумағындағы киелі жерлерді аралап,20-дан аса тарихи тұлғалардың рухына тағзым етпек.Сапар барысында, Темір ауданында орналасқан тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіліп, есімдерін ұлықтау шарасы аясында ауданымыздағы киелі жерлерді аралады.