АЛТЫҚАРАСУДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАСУДА

Бүгін, 30 шілде күні аудан әкімі Ж.Қалмағанбетов Алтықарасу ауылдық округінде болды.Іс-сапар барысында ірі қара, қой малдарын өсірумен айналысатын "Береке", "Елхан" шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, қожалық басшыларына оң баға берді. Аудан басшысы, сондай-ақ, округтің тамыз айында өтетін "Ақ бидай - 2019" ауыл жастарының спартакиадасына дайындық жұмыстарын тексеріп, ұйымдастыру шараларын жылдамдатуды тапсырды.Сонымен қатар, ел ішінің қысқы маусымға мал азығымен қамтамасыз етілуін пысықтады.Сапар соңында Жолдас Нұрланұлы Алтықарасу ауылының тұрғындарымен кездесіп, көкейтесті мәселелерін тыңдады.