Аудан әкімі Ж.Қалмағанбетовтің төрағалығымен аудандық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.

1 шілде күні аудан әкімі Ж.Қалмағанбетовтің төрағалығымен аудандық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті.Комиссия отырысы барысында аудан бойынша мемлекеттік рәміздерге тиісті құрмет көрсетпеген, оларды орнатуда қателіктері анықталған мекеме, бөлім басшылары сынға алынып, аудан әкімі тарапынан қатаң түрде тапсырмалар берілді.