Аудан әкімі Ж.Қалмағанбетов Ақсай және Шығырлы ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.

Бүгін, 24 маусым күні аудан әкімі Ж.Қалмағанбетов Ақсай және Шығырлы ауылдық округтеріне жұмыс сапарымен барды.Ақсай ауылына сапары барысында аудан басшысы өткен жылдан бері jasproject жобасымен күркетауық өсіріп отырған "Салық" ЖК және "Рамазан" шаруа қожалығының бау-бақша шаруашылығын көріп қайтты.
Сонымен бірге, Ж.Қалмағанбетов Шығырлы ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында болып, "Жеңіс", "Шаңырақ" шаруа қожалықтарының егіс шаруашылығымен танысты.