ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ

Республика көлемінде «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» акциясы аясында 2019 жылдың сәуір айының 5 және 6 күндері аралығында сағ.9:00 - 19:00 Темір ауданы ПБ басшылығымен және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы полиция қызметкерлері тарапынан, аудан тұрғындарына жолда қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету әр түрлі салада өтеді, яғни Көші-қон қызметі заңдылығын сақтау негізімен, айыппұлдарды мемлекет пайдасына төлеу тәртібі, көлік құралын тіркеу, көлік құралын қайта жабдықтау, жеке куәлік, төлқұжат және жүргізуші куәлігін беру заңдылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аталғандар негізінде халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдылығын, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігі аясындағы заңдылығын түсіндіру мақсатындағы жолда қабылдау тәртібі Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Асау барақ көшесі бойында орналасқан Орталық базар алаңында өткізіледі.