Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Елбасының тапсырмасына сәйкес көп балалы, аз қамтылған және басқа тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға баспана алуға төмендетілген пайызбен несие беру қолға алынғалы отыр. Осыған орай, бүгін, 11.00-де Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан басшысының жəне «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлерінің қатысуымен халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Семинар-кеңесте несиеге тұрғын үй алудың шарттарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер берілді.