Ақтөбе облысының əкімі О. Оразалиннің Темір ауданының тұрғындарымен кездесуі

Бүгін, сағат 11.00-де Аудандық мəдениет үйінде Ақтөбе облысының əкімі О. Оразалиннің Темір ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында аудан əкімі Ж.Н.Қалмағанбетов 2019 жылға қойылып отырған мақсат-міндеттері мен алдағы уақыттағы жоспарлары жөніндегі тұрғындар алдында есеп берді. Ақтөбе облысының əкімі О.Оразалин ауданның тыныс-тіршілігімен, тұрғындардың тұрмыс жағдайымен танысты. Аудан басшысы ауданымыздың бүгінгі таңдағы өзекті мəселелерін көтеріп, атқарылатын шаралар мен алдағы жоспарлар жөнінде тұрғындарға толық ақпарат берді. Сондай-ақ, тұрғындарға кездесу барысында ұсыныс-сұрақтарын қоюға толық мүмкіндік беріліп, қойылған сауалдарға облыс әкімі тарапынан толық жауап берілді, өзекті мәселелердің жақын арада шешілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, облыс әкімі ұсыныстарды қабылдай отырып, өңір деңгейіндегі жоспарларымен бөлісті жəне аудан азаматтарын жеке қабылдап, көкейкесті сұрақтарын тыңдады.