Салалар бойынша өңірді әлеуметтк-экономикалық дамыту қорытындылары

Темір ауданы 2018 жылдың 1 қазанына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтамасы
Демографиялық ахуал
2018 жылдың 1 қазанына (2018 жылдың 1 қыркүйектегі көрсеткіш) тұрғындар саны 37 664 адамды құрады.
Өнеркәсіп өнімі
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 148 512,5 млн теңгені құрады немесе 105,7% орындалды, оның ішінде:
- өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 143 767,8 млн теңге (105,6%);
- өңдеу өнеркәсібі 997,9 млн теңге (118,1%);
- электр және газ 2 915,0 млн теңге (105,4%);
- сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жинау және таратылуын бақылау 831,8 млн теңге (113,3%).
Ауылшаруашылық кешені
Ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 11 287,7 млн теңге немесе 105,0% құрады.
Мал басы ірі қара 50372 бас, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 103,7%, оның ішінде: сиыр 17984 бас, немесе 103,0%, 166306 қой-ешкі бас, немесе 104,7%, жылқы – 8570 бас (103,9%), түйе – 401 бас, (103,1%), құс саны 53161 (100,9%) басқа жетті.
Осы мерзім ішінде: ет – 6506,0 тонна (108,5%), сүт – 22485,0 тонна (103,1%), жұмыртқа – 4372 мың (дана) түйір (103,5%) өндірілді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 19 336,6 млн теңгені құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 143,2% орындалды.
Тұрғын үй салу және тапсыру
2018 жылдың 1 қазанына тұрғын үй салу 14254 ш.м болды немесе 107,1%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 851,0 млн теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 202,0%.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда 2018 жылдың 1 қазанына барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 1840 бірлікті құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 102,8%, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1756 бірлікті құрайды.
Бөлшекті сауда
Бөлшекті сауданың көлемі 1 579,4 млн теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,3%.
Бюджеттік саясат
Аудандық бюджеттің барлык кірістері 4270,6 млн теңге болып (3957,8 – 4270,6) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 312,8 млн теңгеге көбейді немесе 107,9% құрады.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 4270,6 млн теңгені құрап, болжам 100,5% артты.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалды, яғни нақтыланған 4247,3 млн теңгенің орнына игерілгені 4242,5 млн теңге.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2018 жылдың 1 қазанға 1032 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 157,1% және 602 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4% орындалды. Қазіргі жұмыссыздардың саны 323 адам. Жұмыссыздық деңгейі 1,8%.
Айлық жалақы
2018 жылдың 1 қазанына орташа айлық жалақы (қаңтар-маусым айына) 141965 теңгені құрады немесе 117,1%.
Құқықты қорғауды нығайту
2018 жылдың 1 қазанына аудан көлемінде 154 қылмыс тіркелді. Қылмыстың ашылуы 73,3%