Ақпарат

Аудан көлемінде абаттандыру және санитарлық тазалық
жүргізу туралы.
Темір ауданы әкімінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №127 өкімімен, 15 наурыздан 15 маусым аралығында елді мекендер аумақтарын санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша іс шаралар жоспары бекітіліп, жергілікті округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.
2018 жылы санитарлық тазалық, аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 30 613,0 мың. теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы көктем айларында 4170 түп тал көшет отырғызу жоспарланды. Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде «Бүкілқазақстандық тал отырғызу» акциясы барысында 4527 тал отырғызылып, бұл жоспар 109% орындалды. 1865 шаршы метр жерге гүл шоғырлары егіліп, газон төселді.
Қосымша аудан бойыша жалпы көлемі 30 гектар жасыл аймақ құру жоспарланды. Қазіргі таңда 10 гектер жерге жасыл белдеу құрылса, қалған 20 гектар жасыл белдеу күз айларында құрылытаны болады.
Елді-мекен атауы
Отырғызылатын тал көшеттер саны (жоспар)
Отырғызылған тал көшеттер саны
1
Алтықарасу ауылы
230
260
2
Ақсай ауылы
300
315
3
Темір қаласы
300
350
4
Тасқопа ауылы
285
250
5
Кенкияқ ауылы
500
500
6
Кеңесту ауылы
240
240
7
Қайынды ауылы
245
245
8
Саркөл ауылы
250
250
9
Шұбарқұдық ауылы
1090
1387
10
Шұбарши ауылы
500
500
10
Шығырлы ауылы
230
230
барлығы
4170
4527
Елді-мекен атауы
Бектілген жасыл белдеу көлемі (га)
Орындалған жасыл белдеу көлемі (га)
1
Алтықарасу ауылы
2
2
2
Ақсай ауылы
2
2
3
Темір қаласы
4
2
4
Тасқопа ауылы
2
5
Кенкияқ ауылы
4
6
Кеңесту ауылы
2
7
Қайынды ауылы
2
2
8
Саркөл ауылы
2
9
Шұбарқұдық ауылы
4
10
Шұбарши ауылы
4
10
Шығырлы ауылы
2
2
барлығы
30 га
10 га
Ағымдағы жылғы көктем айларындағы үш айлық санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары барысында елді-мекен айналасындағы және ауыл ішіндегі 531 қоқыс орындары жойылып, 1666 тонна қоқыс арнайы орынға шығарылды. Мамыр айының 24-26 күндер аралығында «Таза су айдындары» акциясы барысында 18 км, сенбіліктер барысында 48 км су жағалаулары тазартылды. Санитарлық тазалық талаптарын сақтамағаны үшін 532 жеке тұлғаға ескерту беріліп, 48 мың 100 теңгеге айып пұл салынды. 37 кіші архитектуралық нысандарға сырлау, әктеу жұмыстары жүргізіліп, баннерлер жаңартылды. 131 км болатын облыстық, аудандық және ауылішілік автомобиль жолдары ойықтары бітеліп, тегістеліп, қалыпқа келтірілді.