Әлеуметтік қамтамасыз ету

Әлеуметтік қамтамасыз ету
Әлеуметтік көмек (азаматтардың жеке санаттарына, атаулы әлеуметтік көмек):
Туберкулез ауруымен ауыратын 62 адамға жергілікті бюджеттің есебінен 5359,0 мың теңге тағайындалып, 52 адамға 4888,5 мың теңге төленді.
Онкологиялық аурулардан зардап шеккен 189 адамға 25881,9 мың теңге тағайындалып, 179 адамға 23892,2 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (азық түліктің қымбаттауына байланысты) 206 отбасына 2380,6 мың теңге тағайындалдып, төленді.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне, бір мүгедек балаға ай сайын 1 АЕК барлығы 11 бала 141,3 мың теңге жәрдемақы тағайындалды, 55,3 төленді.
Тұрғын үй көмегі
Тұрғын үй жәрдемақысына бөлінген қаржы 1500,0 мың теңге, бүгінгі күнге 127 отбасы 738 адам 1538,1 мың теңге тағайындалды.
ҰОС қатысқандарды, мүгедектер, балаларды әлеуметтік қорғау
9- мамыр Жеңіс күніне орай 246 адамға 5345,0 мың теңге жеңілдіктер тағайындалып төленді.