Мәдениет, дін,спорт және туризм

Темір ауданы бойынша мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласы туралы ақпарат
Мәдениет саласы
Мәдениет саласындағы мекемелердің саны – 28. Олардың ішінде мәдениет үйлері – 3, клубтар саны – 10. Аудан бойынша кітапханалар саны – 14. Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында аудандық орталық кітапхана және тарихи өлкетану музейі орналасқан.
2014 жылы 3 қатарлы әкімшілік ғимаратындағы 3 бөлмеге аудандық балалар кітапханасы көшіріліп, жаңадан ашылды.
Мәдениет мекемелерінде 23 ғимарат газбен жылытылса, 5 мекеме ғимараты сұйық отынмен жылытуда. Барлық 5 мекеме қажетті мөлшердегі сұйық отын қорымен қамтылды. Сұйық отын 104 тонна – 15 млн 653 мың теңгеге сатып алынды.
Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында мәдениет үйіне 23,0 млн теңге бөлініп, игерілді. Креслолар, музыкалық аппаратура, киіз үй, жиһаздар, линолеум сатып алынды.Сонымен қатар, 3,0 млн теңгеге Кеңқияқ мәдениет үйіне музыкалық аппаратура алуға қаржы бөлінді.
Мәдениет үйі, клубтарға ұстауға (содержание) 2017 ж. – бөлінген қаржы 161млн 694 мың теңге.
Алтықарасу мәдениет үйіне 8,0 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы аудан бойынша 544 мәдени шара ұйымдастырылды. Көрермендер саны – 118620. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік бағдарламамен қала және ауылдық округтерді аралап шықты. Мәдениет үйінде, ауылдық клубтарда әр түрлі тақырыптарда кештер ұйымдастырылып тұрады.
Аудан бойынша 89 үйірме тұрақты жұмыс жасап келеді, қатысушылар саны 655.
Аудандық «Халықтық» және «үлгілі» атақтарын алған 9 ұжым бар.
Кітапханалар жұмысы
Аудан бойынша кітапханаларда кітаптың қоры – 164819 дана, оқырмандар саны – 12289, келушілер саны – 126845, кітап берілімі – 210858. 2017 жылы жаңа түскен кітап саны -3105 дана. Қазіргі уақытта 14 кітапхананың 9-ы жаңа бағдарламаға «РАБИС» (республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе) бағдарламасына енгізілді.
Кітапханаларды ұстау үшін (содержание) 2017 ж. - 53 млн 794 мың теңге бөлінді.
Кітапханаларға материалдық базаны нығайтуға 1 млн 800 мың теңге бөлінді, оған компьютер, жиһаздар сатып алынды.
Аудандық музей
Аудандық мұражай қорында жалпы саны – 3452 жәдігер бар. Мұражайға келушілер саны – 6751. 32 көрме ұйымдастырылып, 273 экскурсия жасалынған және 32 дәріс оқыған. Аудандық музей 2 залдан тұрады және залдар қазіргі заманға сай жаңа үлгідегі витриналармен жабдықталған.
Спорт саласы
Ауданда 101 спорттық құрылғы бар және оларға тұрғындардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Олардың ішінде: 24 спорт зал, 1 орталық стадион, 30 футбол алаңы, 35 спорт алаңы, 7 теннис корды, 3 хоккей корды, 1 ату тирі бар.
Шұбарқұдық кентінде жасанды жамылғы төселген стандартты 300 орындық орталық стадион халық игіліне жұмыс жасап тұрса, 6 округте: Шұбарқұдық кентінде – 2, Темір қаласында, Кеңкияқ, Шұбарши, Саркөл, Кеңесту ауылдық округтерінде бір-бірден, барлығы 7 жасанды жамылғы төселген стандартты теннис кордтары пайдаланылуда.
Аудан орталығында спорт кешені (ФОК) құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темір ауданы бойынша қазіргі таңда халық саны – 37643 адам. Оның ішінде тұрғындардың 29,3 %-ы, яғни 11031 адам жүйелі түрде спортпен айналысушылар қатарына енеді.
Әр округте спорттық нысандардың тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы спорт залдарын пайдалану кестелері енгізілді. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылға арналған спорт түрлері бойынша дайындық кестесі бекітілген.
Бұқаралық спорттық шараларды ұйымдастыруға бюджеттен 2,5 млн теңге жұмсалды. Облыстық және аудан аралық спорттық шараларға Темір ауданы құрамасы спортшыларын қатыстыру үшін 2,0 теңге қаржы жұмсалды.
Аудандық бюджеттен бөлінген 850 мың теңге қаржыға орталық стадионның жарық жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Темір аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 14 спорт түрінен өткізілетін үйірмелерге 1028 оқушы тіркелген. Темір ауданына қарасты жалпы білім беретін 26 мектеп бойынша спорт үйірмелеріне барлығы 2163 оқушы қатысады.
Ауданымызда спорт саласы бойынша 28 (барлығы 40, 12-сі қосымша сағат алып отыр) жаттықтырушы, 82 мектеп мұғалімі қызмет етеді.
Бүгінгі күнде салауатты өмір салтын насихаттау, қысқы спорт түрлерін дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында Темір ауданына қарасты барлық елді-мекендерде 12 мұз айдыны құйылып, тұрғындарға пайдалануға берілуде.
Темір ауданы орталығы – Шұбарқұдық кентінде кәсіпкерлер тарапынан коммерциялық мақсатта 2 мұз айдыны құйылса (вокзал алаңы мен орталық саябақта), 5 білім беру мекемесі (Ж.Кереев атындағы орта мектебі, №1 мектеп-гимназиясы, №2 орта мектебі, №3 орта мектебі, №6 негізгі мектебі) жанынан шағын мұз айдындары құйылып, пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен, футбол саласын ұйымдастыруды жаңа сапалы деңгейге көтеру, селекция жұмысын жақсарту, футболмен кәсіби түрде айналысатын 2006-2010 жылғы жасөспірімдерді мейлінше қамту мақсатында Темір ауданында «Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалы 2016 жылы 28 тамызда салтанатты түрде ашылған болатын. Қазіргі таңда 40 жас өрен дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Ал биылғы жылы 30 тамыз күні аталған мақсатта Кеңкияқ кентінде де «Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалы ашылып, 33 жасөспірімдер үйірмеге қатысады.
Биылғы жылы бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне сәйкес түрлі спорт түрлерінен 13 жас спортшымызға жасөспірімдік спорттық разрядтар берілді.