Мәдениет саласы

Мәдениет саласының ағымдағы жағдайы
Мәдениет саласындағы мекемелердің саны – 28. Олардың ішінде мәдениет үйлері – 3, клубтар саны – 10. Аудан бойынша кітапханалар саны – 14. Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында аудандық орталық кітапхана және тарихи өлкетану музейі орналасқан.
2017 жылы аудан бойынша 544 мәдени шара ұйымдастырылды. Көрермендер саны – 118620. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік бағдарламамен қала және ауылдық округтерді аралап шықты. Мәдениет үйінде, ауылдық клубтарда әр түрлі тақырыптарда кештер ұйымдастырылып тұрады.
Аудан бойынша 89 үйірме тұрақты жұмыс жасап келеді, қатысушылар саны 655.
Аудандық «Халықтық» және «үлгілі» атақтарын алған 9 ұжым бар.
Кітапханалар жұмысы
Аудан бойынша кітапханаларда кітаптың қоры – 164819 дана, оқырмандар саны – 12289, келушілер саны – 126845, кітап берілімі – 210858. 2017 жылы жаңа түскен кітап саны -3105 дана. Қазіргі уақытта 14 кітапхананың 9-ы жаңа бағдарламаға «РАБИС» (республикалық автоматтандырылған ақпараттық жүйе) бағдарламасына енгізілді.
Кітапханаларды ұстау үшін (содержание) 2017 ж. - 53 млн 794 мың теңге бөлінді.
Аудандық музей
Аудандық мұражай қорында жалпы саны – 3452 жәдігер бар. Мұражайға келушілер саны – 6751. 32 көрме ұйымдастырылып, 273 экскурсия жасалынған және 32 дәріс оқыған. Аудандық музей 2 залдан тұрады және залдар қазіргі заманға сай жаңа үлгідегі витриналармен жабдықталған.
Спорт саласы
Ауданда 101 спорттық құрылғы бар және оларға тұрғындардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Олардың ішінде: 24 спорт зал, 1 орталық стадион, 30 футбол алаңы, 35 спорт алаңы, 7 теннис корды, 3 хоккей корды, 1 ату тирі бар.
Шұбарқұдық кентінде жасанды жамылғы төселген стандартты 300 орындық орталық стадион халық игіліне жұмыс жасап тұрса, 6 округте: Шұбарқұдық кентінде – 2, Темір қаласында, Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл, Кеңестуы ауылдық округтерінде бір-бірден, барлығы 7 жасанды жамылғы төселген стандартты теннис кордтары пайдаланылуда.
Аудан орталығында спорт кешені (ФОК) құрылысын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімімен конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталды. Жобалық-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Темір ауданы бойынша қазіргі таңда халық саны – 37643 адам. Оның ішінде тұрғындардың 29,3 %-ы, яғни 11031 адам жүйелі түрде спортпен айналысушылар қатарына енеді.
Темір аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 14 спорт түрінен өткізілетін үйірмелерге 1028 оқушы тіркелген. Темір ауданына қарасты жалпы білім беретін 26 мектеп бойынша спорт үйірмелеріне барлығы 2163 оқушы қатысады.
Ауданымызда спорт саласы бойынша 28 (барлығы 40, 12-сі қосымша сағат алып отыр) жаттықтырушы, 82 мектеп мұғалімі қызмет етеді.
Ағымдағы жылы Кеңкияқ кентінде де «Ақтөбе» ФК футбол орталығының филиалы ашылып, 33 жасөспірімдер үйірмеге қатысады.
Биылғы жылы бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентіне сәйкес түрлі спорт түрлерінен 13 жас спортшымызға жасөспірімдік спорттық разрядтар берілді.