Денсаулық сақтау орындары бойынша ақпарат

Денсаулық сақтау орындары бойынша ақпарат
Темір ауданының тұрғындарына медициналық қызмет Темір аудандық орталық ауруханасы 64 кереует орнымен, 30 керуеттік күндізгі емдеу орнымен, Кеңқияқ ауылдық ауруханасы 15 кереует орнымен, 12 кереуеттік күндізгі емдеу орнымен және алғашқы медициналық санитарлық пен мамандандырылған қызмет көрсететін емхана бөлімі бар, 5 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік және 16 медициналық пункті 37643 тұрғын халыққа қызмет көрсетеді.
Аудандағы 25 емдеу мекеменің 9-ы типтік ғимаратта орналасқан немесе 36% құрайды, оның 6-уы соңғы 3 жылда салынған
Ауданда 37643 (2016ж-37780) тұрғын бар, оның ішінде балалар -11436 (2017ж -11246), жасөспірімдер -1721 (2017ж -1760), ересектер -24486 (2017ж-24774), фертиль жасындағы әйелдер-8984 (2017ж -9277).
Аудандық емханада 2 стационарлық флюороаппарат және 1 жылжымалы флюроқондырғы; Кенкияк ауылдық ауруханада 1 стационарлық флюроқондырғы жұмыс жасайды. Барлығы – 4.
2017 жылы ультрадыбысты зерттеу аппараты сатып алынып, бүгінгі күні аудан халқына қызмет көрсетіп отыр.
2017 жылы «Карл Шторц» фирмасының лапароскопиялық операцияларды жасауға арналған видеоэндоскопиялық қондырғысы алынды.
2017 жылы нәрестелердің өкпесін жасанды тыныс алдыру SLE – 5000 аппаратына күрделі өңдеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде дүниеге келген нәрестелерге медициналық көмек уақытылы көрсетілуде.