Ақпараттық қолдау бойынша

Ақпараттық қолдау бойынша
Темір ауданы әкімдігі үш әлеуметтік желі парақшасына іске қосылған (Instagram , Vkontakte , Facebook ). Инстаграмда 6200 тіркелім, 2149 жариялым бар. Вконтакте парақшасында 4548 тіркелім, Фейсбук парақшасында 4966 тіркелім бар (09.10.2018ж. дерек бойынша).
Барлық ақпарат үш әлеуметтік парақшаға бірдей, бір уақытта жарияланады. Өткізілген мәжілістер, іс – шаралар, жаңалықтар күніне 7 – 8 жариялым болып тұрақты шығып тұрады. Аудан туралы әлеуметтік желіге шыққан теріс пікірлерге уақытылы жауап беріледі. Сонымен қатар «Зелло Актобе» , Ақтөбе ақпарат секілді әлеуметтік желілер парақшасында да жарық көреді.
Ауданда «Темір» газетінің редакциясы ЖШС тұрақты түрде жұмыс жасайды. Аудан бойынша жасалып жатқан жұмыстар мен барлық ақпараттар әлеуметтік желілерге күнбе күн жарияланып, аудандық «Темір» газетінде (аптасына бір рет шығады), сонымен қатар, «Ақтөбе», «Актбинский вестник» газеттерінде жарияланады.
Темір ауданы бойынша ақпаратты ауданның интернет сайты temir.aktobe.gov сайтында да жарияланады.