Кәсіпкерлікті алғашқы бастаушыға көмек

«Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы негізінде аудан бойынша 4 кезеңде 145 адам оқытылды. Қазіргі таңда 5 кезең бойынша 32 адам оқытылуда. 2018 жылы жоспар бойынша 195 адам оқыту көзделген.
«Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы негізінде 21 адам жалпы сомасы 104,6 млн теңгеге мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие алды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы 2010 жылы бастау алғаннан бері 2010 жылы 4,0 млн теңгеге 1 жоба, 2011 жылы 11,2 млн теңге 2 жоба, 2012 жылы 11,0 млн теңгеге 1 жоба, 2016 жылы 28,3 млн теңгеге 7 жоба, 2017 жылы 103,0 млн теңгеге 4 жоба, 2018 жылдың 1 қазанына дейін 321,1 млн теңгеге 12 жоба жүзеге асты.
Қайтарымсыз негізде инновациялық жобаларға берілетін грант конкурсынан ауданнан 2016 жылы көкөніс сақтау қоймасы, 2018 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарға массаждық кабинет ашу, ұлттық нақышта киім тігетін ателье ашу, химиялық тазалау жобалары бойынша 8,8 млн теңге қаражат алынды.
Жалпы аудан бойынша аталған бағдарлама бастау алғаннан бері 478,6 млн теңгеге несие алынып 27 жоба жүзеге асты.
Мысалы ретінде екінші деңгейлі банктен несие алар­да кепіл­дікке салынатын жылжымайтын мүліктің болмауы, біраз уақыт кедергі болды делік. Кәсіпкер кепіл­дікке салынатын жылжымайтын мүлкі болмаған жағдайда мемлекет тарапынан қосымша кепілдік алуға құқығы бар. Яғни жаңадан кәсібін бастаушы кәсіпкерге мемлекет жобаның 85 %, кепілдік береді, жас кәсіпкер жобаның құнының 15 % банктегі депозиттік шотқа салып несиелендіруге қол жеткізеді.
Аталған бағдарлама бойынша тың инновациялық идеялар бойынша мемлекеттік грант ұтып алуға мүмкіндік бар. Грантқа қатысу үшін кәсіпкер аталған бағдарлама негізінде «Бизнес-кеңесші» немесе «Бастау-бизнес» сынды оқыту курстарынан өтіп сертификат алуы тиіс.