Әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары

Темір ауданы 2018 жылдың 1 мамырына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы анықтамасы
Демографиялық ахуал
2018 жылдың 1 мамырына (2018 жылдың 1 сәуірдегі көрсеткіш) тұрғындар саны 37 648 мың адамды құрады.
Өнеркәсіп өнімі
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 62 565,7 млн теңгені құрады немесе 105,0% орындалды, оның ішінде:
- өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 514,8 млн теңге (104,3%);
- өңдеу өнеркәсібі 461,8 млн теңге (103,8%);
- электр және газ 1 270,1 млн теңге (128,7%);
- сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жинау және таратылуын бақылау 318,9 млн теңге (164,1%).
Ауылшаруашылық кешені
Ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 3 171,4 млн теңге немесе 104,3% құрады.
Мал басы ірі қара 45998 бас, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 104,0%, оның ішінде: сиыр 17958 бас, немесе 103,4%, 127486 қой-ешкі бас, немесе 103,0%, жылқы – 6968 бас (104,5%), құс саны 39164 (100,2%) басқа жетті.
Осы мерзім ішінде: ет – 3496,0 тонна (105,2%), сүт – 5724,0 тонна (102,7%), жұмыртқа – 1595 мың (дана) түйір (103,2%) өндірілді.
Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3 013,7 млн теңгені құрады немесе 2017 жылмен салыстырғанда 132,6% орындалды.
Тұрғын үй салу және тапсыру
2018 жылдың 1 мамырына тұрғын үй салу 5311 ш.м болды немесе 106,8%.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 569,0 млн теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 198,4%.
Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда 2018 жылдың 1 мамырына барлық шағын және орта бизнес субъектілерінің тіркелген саны 1799 бірлікті құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 103,1%, оның ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 1709 бірлікті құрайды.
Бөлшекті сауда
Бөлшекті сауданың көлемі 782,8 млн теңгені құрады, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,9%.
Бюджеттік саясат
Аудандық бюджеттің барлык кірістері 1445,9 млн теңге болып (1225,6 – 1445,9) былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырға 220,3 млн теңгеге көбейді немесе 118,0% құрады. Оның ішінде аудандық бюджеттің түсімі 698,5 млн теңге немесе 89,5%.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 1445,9 млн теңгені құрап, болжам 100,2% артты.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,9% орындалды, яғни нақтыланған 1443,0 млн теңгенің орнына игерілгені 1442,1 млн теңге.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2018 жылдың 1 мамырына 243 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 124,6% және 216 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,8% орындалды. Қазіргі жұмыссыздардың саны 310 адам. Жұмыссыздық деңгейі 1,8%.
Айлық жалақы
2018 жылдың 1 мамырына орташа айлық жалақы (қаңтар-наурыз айына) 112128 теңгені құрады немесе 101,5%.
Құқықты қорғауды нығайту
2018 жылдың 1 мамырына аудан көлемінде 69 қылмыс тіркелді.