Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы

Темір ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында 2018 жылдың 2 айда атқарылған шаралар туралы.
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы №147 қаулысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссиясы құрылды. Комиссия отырыстары әр тоқсан сайын өткізілуде. Комиссия отырыстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мемлекеттік органдармен атқарылып жатқан шаралар және өзекті мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілуде.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында, Темір ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жоспар – кесте әзірленіп, кестеге сәйкес әрбір мемлекеттік орган аудандық «Темір» газетіне мемлекеттік орган тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берілуде. 2018 жылдың 2 айында – 4 мақала жарияланды. (Аудандық «Темір» газетінде Шұбарқұдық ауылдық округ әкімі аппараты тарапынан 2018 жылғы 22 қаңтардағы №4-5 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет», аудан әкімі аппаратының заңгерімен «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз», 12 ақпандағы №8 «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» және 19 ақпандағы №9 «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл бойынша отырыс өтті» деген мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, «Есіктен-есікке» бағдарламасының аясында «Шұбарқұдық жылу» КМК, «Кенкияк – СК» КМК, «Техногаз» ЖШС-нің түбіртектерлерінің екінші бетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы ақпарат жазылып, тұрғындарға таратылуда. 2018 жылдың 2 айында 1960 түбіртек және адам көп шоғырланатын жерлерде (аудандық аурухана, кірістер басқармасында, сауда орталықтарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде 3800 плакаттар таратылды.
Аудан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық «Темір» газетінде және аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде ақпараттар жарияланып тұрады. Қазіргі таңда есепте тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 434 адам.
Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жер учаскесінде кезекте тұрған азаматтардың тізімі аудандық «Темір» газетіне жарияланып отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтерді мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда орналасқан телеэкрандарда, әлеуметтік желілерде және temir.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мобильдік топ құрылып, Тасқопа, Қайыңды, Алтықарасу, Шығырлы, Ақсай, Копа, Темір елді мекендерді аралап, ауыл тұрғындардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. (Барлығы қамтылған 310 адам).
Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы баннерлер ауданның барлық ауылдық округтерінде орнатылды (барлығы 17 дана).