Ақпарат

Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарылған жұмыстары
Жұмысқа орналасу.
2018 жыл - Аудан бойынша жұмыс іздеуші ретінде 684 адам өтініш жасап тіркелді, соның ішінде жолдама алып жұмысқа орналасқандардың саны 243 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 105 адам тартылды. Оқу бітіріп келген жастарға «Жастар практикасы» ұйымдастырылып 56 адам жастар практикасына және Әлеуметтік жұмыс орындарына 92 адам қабылданып жұмыс жасауда.
2018 жыл - Аудан бойынша бүгінгі күнге 216 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздық денгейі 1,8 %.
Әлеуметтік көмектер.
2018 жыл басынан Отын сатып алуға ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек әр қайсысына жылына бір рет 7500 теңгеден барлығы 507 адамға 3800,0 мың теңге көмек тағайындалып төленді.
Өкпе және онкологиялық аурулардан зардап шеккен 192 адамға жәргілікті бюджет есебінен ай сайын жәрдемақы төленеді.
9 мамыр Жеңіс күніне орай 246 адамға 5345 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі .
Атаулы әлеуметтік көмек
2018 жыл басына атаулы әлеуметтік көмекке 147 отбасы 735 адамға 7548,6 мың теңге жәрдемақы тағайындалып толық төленді.
Тұрғын үй жәрдемақысы.
2018 жыл - Тұрғын үй жәрдемақысына бүгінгі күнге 117 отбасы 677 адамға 1464,8 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетіліп жатырған көмектер.
2018 жыл басынан 3 мүгедек азаматқа сурдо-тифлотехникалық құралдары, техникалық көмекші құралдар, 12 мүгедек азаматқа көмекші гигиеналық құралдары алынып берілді, 4 мүгедек азамат кресло-арбамен қамтылды.
Сонымен қатар 5 мүгедек азаматқа Алматы қаласындағы протездік–ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз ететін орталыққа тегін жолдама берілді және Шымкент қаласындағы «Денсаулық» сауықтыру орталығына 1 мүгедек емделуге жолдама алды. Барлығы 25 адам.
Үйде оқитын 5 мүгедек балаға ай сайын 1 АЕК көлемінде жәрдемақы және де 5 мүгедекке жолдама арқылы емделу жол ақысы тағайындалып төленді.