Ақпарат

«1000 – БАҚЫТТЫ БАЛА» шеруі
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс әкімінің бастамасымен Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «1000 –БАҚЫТТЫ БАЛА» шеруі өтті. Мерекеге сай безендірілген автокөліктерде «БАҚЫТТЫ БАЛА» эмблемасы шеруде бастау алды. Шеруде маңғол, өзбек, татар, орыс, қазақ, мексика, корей халықтарының ұлттық киімдерімен оқушыларымыз шерудің сәнін келтіріп, іс-шара оқушылардың өнерлерімен жалғасын тапты.
«Дарындылар слеті»
2018 жылдың 25-сәуір күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Бақытты бала» жобасы аясында Темір аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар – өз елінің патриоты» атты дарындылар слеті өткізілді. Облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы оқушыларға жүрек жарды жылы лебізін білдіріп, отбасы үлгісіндегі тәрбиеленушілерінің тұрғын үй жинақ қорының есеп шотына салу үшін 100 мың теңгенің сертификаттарын табыстап, балалар үйінің түлегі Өтешов Бернар Асхатұлына 500 мың теңгенің сертификатын сыйға тартты. Сонымен қатар аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының оқушыларына Шығыс Қазақстан облысы «Қатон-Қарағай» шипажайына, Шучинск қаласындағы «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру лагеріне және Астана, Түркістан қалаларына саяхатқа 250 балаға жолдама беріліп, балаларды қуанышқа бөледі.
«Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды арнайы білім беруде өзіндік әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі»
Аудандық ПМПК-не қатысатын мүмкіндігі шектеулі 10 балаға арнайы ойыншықтар алынды. 35 мүмкіндігі шектеулі балалардың ата аналарына 525 мың теңгеге сертификаттар табысталды. Аудандық ППТК-де «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды арнайы білім беруде өзіндік әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға әр мектептің әлеуметтік педагогтары ,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,логопедтері және психологтары қатысты.Семинар барысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сенсорлық үйшіктер арқылы жұмыстану шебер класы өткізіліп, 45 бала қамтылынып, 625 000 теңге жұмсалынды. Жалпы орта білім беру мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мақсатында дидактикалық құрал «сенсорлы үйшіктер» жасалынды.