АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Темір аудандық жер қатынастары бөлімі 2017 жылдың 26 қыркүйек сағат 11:00-де Шұбарқұдық кенті, Байганин көшесі, №3 мекен-жайында Н.Байганин атындағы Темір аудандық Мәдениет үйінде өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша аукцион өткізеді.Аукционға ұсынылған жер учаскелерінің тізімі
Лоттың
Сауда өткізу тәсілі мен әдісі
Құқықтан айыру түрі
Жер учаскесінің алаңы (шм)
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Бастапқы бағасы, теңге
Кепілдік сомасы
Жер салығы (1 жылға)
26 қыркүйек 2017 жыл
1
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
920
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Шұбарқұдық кенті, «Қызылжар» мөлтек ауданы
364 780
113 450
1325
2
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
920
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Шұбарқұдық кенті, «Қызылжар» мөлтек ауданы
364 780
113 450
1325
3
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
2000
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Шұбарқұдық кенті, Ж.Кереев көшесі
793 000
113 450
2880
4
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
2000
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Шұбарқұдық кенті, Ж.Кереев көшесі
793 000
113 450
2880
5
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
3000
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Темір қаласы,
Ы.Алтынсарин көшесі
945 000
113 450
22800
6
Аукцион (ағылшындық әдіс)
3 жыл жалдау құқығына алу
5000
Үй жайларды (құрылыстар мен қимараттар) орналастыру және қызмет көрсету
Шұбарқұдық кенті, «Қызылжар» мөлтек ауданы
1 982 500
113 450
7200
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы
сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект
үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.
Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: Сатып алушы: Аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға,
«Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Темір ауданы әкімдігінің тиісті шешімі қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату
шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға, игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда,
мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді,
ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Темір аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, №5, 36 кабинетінен алуға болады.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:
жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты.
заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзіндіні немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжатты береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.
Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, № 5, 36 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71346) 2-21-22.