2017 жылдың 12 шілдесі күні Темір ауданының әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлының төрағалығымен аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 1жартыжылдық қорытындысы бойынша отырысы өтті.

2017 жылдың 12 шілдесі күні Темір ауданының әкімі Жүсібалиев Асқар Қазиханұлының төрағалығымен аудан әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 1жартыжылдық қорытындысы бойынша отырысы өтті.Отырысқа кеңес мүшелері,құқық қорғау органдарының басшылары,қала және ауылдық округ әкімдері,ауданның бас имамы және бөлім,мекеме басшылары қатысты.Отырыс барысында аудандағы діни ахуал,діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының 2016 жылы және 2017 жылдың 6 айында атқарған жұмысы және профилактикалық екпе енгізу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы округ әкімдері мен тиісті бөлім мекеме басшыларының баяндамалары тыңдалды.