Туған күніңмен, Астана!!!

Бүгін еліміздің бас қаласы Астана күніне орай Шұбарқұдық кентінің орталық саябағында аудан өнерпаздары мен өнерлі жас жеткіншектердің қатысуымен мерекелік концерт өтті.Мәдени іс-шараны аудан әкімі А.Қ.Жүсібалиев, аудан әкімінің орынбасары М.Ә.Мұңайтбасов, Б.С.Шаимов, Н.З.Садықова,аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Нұртазина да тамашалады.Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып,көркейіп,гүлдене түсуде.Астанамыз жылдар келе,алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына,алдағы ғасыр үлесінен орын алып,батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенеміз.Бүгін-Астана күні!Барша темірліктерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз!Сүйікті қаламыз-ару Астана көркейе берсін!