Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар жоспарының орындалу барысы.

Темір ауданының әкімі А.Қ.Жүсібалиевтің 2017 жылғы халыққа есепті
кездесулерінде түскен ұсыныстар мен сын-ескертпелерді жүзеге асыру туралы іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы
05.04.2017 жыл
Айтылған ескертулер/
ұсыныстар
Ескертулерді/ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі
Мерзімі
Ескертпе
1
Алтықарасу мектеп-балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу
Алтықарасу мектеп балабақшасын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 31041,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 4 наурызында хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
2
Кеңқияқ ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын балабақша ретінде жасақтау
Кеңқияқ ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын 250 орындық балабақшаға лайықтап қайта жаңарту үшін «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек –Ақтөбе» филиалы және облыстық құрылыс басқармасы арасында келісім-шарт жасалып, лайықтау жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыстың жалпы сметалық құны 351 659,1 мың теңге, 2016 жылы 51,4 млн теңге игерілген. Ағымдағы жылы 300,0 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге 47,9 млн теңге игерілді.
01.08.2017 ж
3
Кеңестуы ауылдық округі Қопа ауылынан коммуналдық-жалдамалық тұрғын үйдің құрылысын жүргізу
Қопа ауылындағы 2 бірпәтерлік коммуналдық-жалдамалық тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 14 458,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 8 ақпанында хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
4
Бабатай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу
Бабатай ОМ күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 10 665,0 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 4 наурызында хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
5
Темір қаласындағы С.Бәйішев атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу
С.Бәйішев атындағы ОМ күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 22 287,0 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 4 наурызында хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
6
Темір қаласы Жамбыл мектеп-балабақшасын күрделі жөндеуден өткізу
Жамбыл мектеп-балабақшасын күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 22423,0 мың теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа хабарландыру 2017 жылдың 4 наурызында берілді.
01.09.2017 ж
7
Саркөл ауылының көшелерін жарықтандыру
Аудандық бюджет арқылы 777,0 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа хабарландыру берілді.
01.08.2017 ж
8
Шұбарқұдық ауылының ішкі жолдарын жөндеу
«Шұбарқұдық ауылішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» (Махимов, Желтоқсан, Балмухамедов, Теміржол, Садовая, Байғанина №1,№ 2 көпқатарлы тұрғын үйлеріне кірме жолдар, Теріскей көшелері) жұмыс жобасының құрылыс монтажды жұмыстарына мердігер «АССАНА-ДорСтрой» ЖШС-мен 191 456,8 мың теңгеге келісім-шарт жасалды.
2016 жылы 50000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді. 2017 жылға облыстық бюджеттен 100 000,0 мың теңге қаржы бөлінді, қалған 41 456,8 мың теңге алдағы облыстық бюджетті нақтылау кезінде бөлінеді деп жоспарлануда.
Аталған жоба бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, жыл соңына дейін толығымен аяқталады.
01.11.2017 ж
9
Шұбарқұдық ауылының көшелерін жарықтандыру
Шұбарқұдық ауылдық округі бойынша Ж.Кереев көшесін жарықтандыру үшін ЖСҚ дайындалды. Ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа хабарлама беріледі. Жалпы құны 5,280 млн теңге.
01.08.2017 ж
10
Шұбарқұдық ауылында балаларға арналған ойын алаңын жасақтау
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы төрт дана балалар ойын алаңын орнату жоспарланып отыр. 2017 жылдың І тоқсанында мемлекеттік сатып алуға хабарлама беру жоспарға қойылды. Жұмысы мамыр айында басталады.
01.07.2017 ж
11
Шұбарқұдық ауылынан коммуналдық-жалдамалық тұрғын үйдің құрылысын жүргізу
«Қызылжар-2» шағын ауданындағы 3 бірпәтерлік коммуналдық-жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 21 975,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 8 ақпанында хабарландыру берілді.
01.10.2017 ж
12
Шұбарқұдық ауылындағы №1 мектеп- гимназияны күрделі жөндеуден өткізу
Шұбарқұдық ауылындағы №1 мектеп- гимназияны күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 41885,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Бір көзден ұтып алушы РГП ПХВ «Еңбек-Ақтөбе».
01.09.2017 ж
13
Шұбарқұдық ауылындағы № 5 бастауыш мектепті күрделі жөндеуден өткізу
Шұбарқұдық ауылындағы № 5 бастауыш мектепті күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 15967,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа 2017 жылдың 4 наурызында хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
14
Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылының Мектеп көшесін жарықтандыру
Шұбарқұдық кәсіпшілігі ауылы бойынша Мектеп көшесіне жарық нүктелерін орнату жоспарға қойылды. Жергілікті бюджеттен 1,600 млн теңге бөлінді. 2017 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа хабарландыру беріледі.
01.06.2017 ж
15
Шұбарши ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын балабақша ретінде ашу
Шұбарши ауылындағы бұрынғы мектеп ғимаратын 140 орындық балабақша ретінде жасақтау үшін 2017 жылдың 13 наурызында №04-0080/17 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жалпы сметалық құны 227 012,9 мың теңге.
01.10.2017 ж
16
Шұбарши ауылының көшелерін жарықтандыру
«Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 2 168,0 мың теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа хабарландыру берілді.
01.09.2017 ж
17
Шығырлы ауылындағы Ә.Молдағұлова атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу
Ә.Молдағұлова атындағы ОМ күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 15514,0 мың теңге бөлінді. Жобалық сметалық құжаттары дайын. Конкурсқа хабарландыру 2017 жылдың 4 наурызында берілді.
01.09.2017 ж
18
Шығырлы ауылының көшелерін жарықтандыру
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында екі көше жарықтандырылады. 2017 жылдың сәуір айында мемлекеттік сатып алу арқылы конкурсқа хабарландыру беріледі.
01.08.2017 ж