Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.

НАЗАРҒА!
Су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
Ақтөбе облысы аумағында орын алған су тасқынына байланысты Темір ауданы аумағында су тасқынына қарсы тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Аудан әкімінің өкімімен су тасқынына қарсы штаб құрылып, бірқатар іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шараларға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, жергілікті полиция қызметі тартылды.
Су тасқынына қарсы штабта кезекшілік ұйымдастырылып, тәулік бойы жұмыс жасауда.
Су тасқыны жағдайына байланысты шұғыл көмек көрсету үшін 2017 жылдың сәуір айынан бастап "Қауырт желі" телефоны қызметі ұйымдастырылды. «Қауырт желі» телефонының нөмірлері 2-24-48; 2-36-54; 2-21-61.
Әлеуметтік желілерде су тасқыны жағдайы бойынша жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кеткендігіне байланысты Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметі әлеуметтік желілері және Әкімдік пен ТЖД ресми көздері таратқан ақпаратты ғана назарға алуды сұрайды.
Тұрғындар арасында жалған ақпарат таратқан азаматтар мен азаматшалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-ші бабына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертіледі.