Аудан әкімі аурухана қызметкерлерімен кездесті

Аудан әкімі аурухана қызметкерлерімен кездесті
7 сәуір – халықаралық денсаулық сақтау күні. Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімі А.Қ. Жүсібалиев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу аудандық орталық аурухана ғимаратында өтті. Жиында осы саланың жетістіктері мен кемшіліктері ашық айтылып, денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Соңғы жылдары ауданымызда қатерлі ісік, туберкулез сынды аурулар мен өлім көрсеткішінің азаймай отырғандығын сынға алған аудан басшысы Асқар Жүсібалиев аудандық оралық аурухананың бас дәрігері Есентемір Демегеновке мәселенің алдын алу шараларын қарастыруды тапсырды.
Жиын барысында Асқар Жүсібалиев биылғы және келер жылғы аудан көлемінде атқарылатын іс шараларға тоқталып, бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отырған орталық ауруханаға барар жолдың жөнделетіндігін жеткізіп, аурухана қызметкерлерін қуантты.