Дін мәселесі

Ислам ұлттық дәстүрді ұлықтайды
Ислам дінінің адамзат өміріндегі орны ерекше. Әлемді ізгілікке үндеп, ілгері ниет, ілкімді ойға жетелер осынау дініміздің қадір-қасиетін ұғып, оны лайықты тұтынар жамағаттың қатары қалың. Десек те кейбір келеңсіз әрекеттердің кесірінен Исламға орынсыз күйе жағылып, кінә тағылып жататыны бар. Осы орайда біз ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай ӨТПЕНОВКЕ жолығып, сауалдар қойған едік.
– Ислам дінінің қоғамымызды са­уық­тырудағы рөлі жөнінде не айтасыз?
– Қай заманда да Ислам дінінің қо­ғамға ықпалы, оның орны мен мән-ма­ңы­зы жоғары болды деп айта аламыз. Бұған – тарих куә. Бүгінгі ғылыми жетіс­тік­тердің толысып, піскен, өсіп-өркен­деген кезеңі Ислам өркениетіне, мұсыл­ман халқынан шыққан ғалымдарға тиесілі.
Қазақтың таным-түсінігімен үйлесім тапқан Ислам дінінің ұлы даламызда өрісін кеңейтуіне еңбек сіңірген, абы­рой-беделі асқан дін ғұламалары мен қай­раткерлері аз болмаған. Кешегі өткен осы дін қайраткерлері, имам-молдалар ха­­лық­ты жақсылыққа үндеп, ізгі қоғам қа­лып­тастыруда үлкен рөл атқарғаны белгілі.
Аллаға сансыз шүкірлік айтамыз, бізге тәуелсіздік ең үлкен нығмет болып оралды. Тәуелсіздігімізбен бірге ата дін, баба салтымен қайта қауыштық. Тарихта имам-молдалардың қоғамдық іс-шараларда, ел басқару істерінде белсенді қызмет ет­кенін білесіздер. Имам – қашанда қалың бұқараны бірлікке ұйытып, имандылыққа шақырушы тұлға. Қазіргі қоғамда имамдарды халық құдайы ас, діни рәсімдердің басы-қасынан ғана емес, алуан түрлі маңызды мәдени іс-шаралардан, ғылыми кеңістіктерден де жиі көреді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміз зайырлы қоғам қағидаттарын басшылыққа алғанымен, діннің қоғамнан бөлінбейтінін әрдайым айтып келеді.
Қоғам болған соң, сан түрлі мәселелер туындайды. Осы орайда имамдар ме­шіт­терде, қоғамдық орындарда және бұқа­ралық ақпарат құралдары арқылы дәс­түрлі дінімізді басшылыққа ала отырып, ақыл-кеңес, ұсыныстарын айтудан жалыққан емес. Қазір көп жастар құ­былаға жүз бұрып, сәждеге жығылып жа­тыр, бұл, әлбетте, қуанышты жайт. Өйткені, иманды жас отаншыл, тәрбиелі, білімге құштар болып қалыптасады. Бұл ретте жастардың дұрыс бағыт тауып, дәстүрлі дініміз, яғни Матуриди ақидасы, Әбу Ханифа мәзһабы бойынша білім алуында имамдар үлкен міндет атқарады. Сонымен қатар, имандылық, Отанды сүю, ата-ананы құрметтеу сынды жалпы адами құндылықтарды насихаттау да маңыз­ды деп ойлаймын.
– Бүгінгі таңда асыл дініміздің атына кір келтіретін түрлі жағымсыз әре­кет­тер жиі орын алуда. Мұның соңы неге апарып соқтыруы мүмкін?
– Иә, расында, әлемде және елі­мізде орын алған осындай жайттар біз­ді қатты қынжылтады. Жалпы, дін ұғы­мы адамгершілікке, игілік пен құндылықтарға негізделеді. Ал Ислам, түпкі мәнінде айтылып тұрғанындай, бей­бітшілікті ту еткен дін ғой. Бұл турасын­да Алланың сөзі Құран аяттарынан, ар­дақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өнегелі өсиеттерінен сан мың мысал, айқын дәлелдер келтіруге болады.
Баршамыздың есімізде болар, экстремизм мен терроризм әрекеттері әлемді шарпи бастаған тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев террористік әрекеттерді бей­бітшіл Ислам дініне телімеу керектігін ашық айтқан еді. Біздің де айтарымыз, діннен терроризмді, терроризмнен дінді іздеп қажет емес. Әлемдік мұсылман қауымдастықтары бірауыздан мұндай зорлық-зомбылық әрекеттерінің кез келгенін қатаң айыптап, мәлімдеме жасады. Өз кезегінде бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жетекшілігіндегі Қазақстан мұ­сылмандары діни басқармасы, барша ел имамдары қоғамға қауіп төндіретін, ел­дің тыныштығын бұзып, іріткі салатын, дінді бетперде ететін барлық құбы­лыс­тарға қарсылық танытады және жас­тар­ды, жалпы халықты ата дін, салт-дәс­түрі­мізге жат ағым идеологиясынан сақ­тандыру жұмыстарын одан әрі күшей­теді.
Бұл орайда қоғамның басты мәсе­ле­сіне байланысты әлеуметтік ортаға жүк­телер міндет те біртарапты емес, жан-жақты жүргізілуі керектігін айта кетуіміз керек. Жастарды жат ағымнан сақ­тау мақсатында мешіт мінберлерінде имам­дар мен дін қызметкерлері тарапынан уа­ғыз-насихат жұмыстары белсенді жүргі­зіледі. Мемлекетіміз де мұндай зиян­ды ағымдарға заң тұрғысынан тыйым салып, қарқынды қызмет етуде. Жат ағым құрығына ой-санасы бекіп, ақыл тоқтатып үлгермеген жастар жиі ілігетіндіктен, ата-аналар балаларының діни біліміне үлкен жауапкершілікпен қарап, бағыт-бағдар берсе, қажет жағ­дайда және кез келген уақытта дін мамандарына жолығып, келеңсіздіктің алдын алуға ұмтылса жөн болар еді. Жалпы, бұл мәселеде бүтін қоғам болып жұмылуымыз керек деп ойлаймын.
Жат ағымның жетегінде жүрген жастарымызды дәстүрлі дінімізге бұру бағытында нендей нақты шаралар қолға алынып жатыр?
– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз құзыреті шеңберінде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес, Матуриди ақи­дасы, Ханафи мәзһабы негізінде қызмет етеді. Діни басқарма ел рухания­тын кө­теру, халықтың дәстүрлі діни сауатын арттыру мақсатында бірқатар ауқым­ды бағдарламаларды, жүйелі жоба­ларды қолға алып келеді. Төл мәде­ниетімізді жаңғыртып, дәстүрлі жолы­мызды жұртшылыққа жеткізу үшін бір­неше жылды қатарынан «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялап, осы кезеңде дәстүрімізді ұлықтап, діні­міз­ді дәріптеген оңды шараларды өткізді. Биыл­ғы жылды «Дін және тарих тағылы­мы жылы» деп жариялауының да мәні ерекше болып отыр.
Біз өткенімізге көз салмай, тарихымызды танымай, болашаққа нық қадам жасай алмайтынымыз белгілі. Осы се­бепті біздің ата дініміз, салт-санамыз, мә­дениетіміз қандай болған, оның тарихи сабақтастығы қандай болуы керек деген игі мұратпен діни басқарма еліміздің тарихына, дініміздің бастауына тереңірек үңіліп, оны халыққа насихаттауды жос­парлайды. Ал ҚМДБ жалпы өз жұмысын басты төрт бағытта: атап айтсақ, уағыз-насихат, жат ағымдармен жұмыс, діни сауат ашу және қайырымдылық істері бо­й­ынша айқындап алған. Осы бағыттарға сәйкес имамдардың жұмыстары жос­парлы һәм жүйелі түрде жүргізілуде. Біз халықты дәстүрлі діни білімді, Ислам құндылықтарын мешіттен ғана алуға, үйренуге шақырамыз. Ал діни мәселелерге байланысты туындайтын сұрақтарға діни басқармаға, мешіттерге қарасты ресми сайттар арқылы білікті мамандар жауап береді. Мешіт есігі де әрдайым жамағатқа ашық. Әр күн сайын кешкілік маңызды тақырыптар бойынша уағыз-насихаттар айтылады.
Наурызбай қажы Тағанұлы
(Материал ҚМДБ-нан алынды.)
ДІНДЕ ЭКСТРЕМИЗМ ЖОҚ
«Экстремизм» термині – сөзбе-сөз (лат. Еxtremus - шеткі) шектен тыс көзқарастарды ұстанып, шектен тыс əрекеттерге бару қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару деп анықталады. Экстремизм – әр уақытта әрқалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.
Соңғы жылдары елімізде дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар көбейіп кетті. Олардың басым көпшілігі Ислам атын жамылған және протестанттық прозелитистік ағымдар десек болады. Еліміздің рухани тұтастығын сақтағымыз келсе, осы ағымдардың канондық-доктриналық һәм агитациялық ерекшеліктерін екшеу өте өзекті.Тарихта дәстүрлі Ислам шеңберінен шығып кетуші ағымдар аз болмаған. Олардың көпшілігі уақыт көшіне ере алмай жойылып кеткенімен, идеологиялық сарқыншақтары осы күнге дейін сақталып қалды. Оның дәлелі – теріс пиғылды ағымдар дәстүрлі Ислам доктринасына, ұлттық ауызбіршілігімізге сұрқиялықпен сына қаққысы келіп, қоғамда бүлік тудыруда.Атап айтқанда, Қазақстан аумағында сот арқылы тыйым салынған 23 лаңкестік және экстремистік ұйымдардың ішіндегі «Такфиризм» тобының "төркіні" болып табылатын салафилік-уаһабилік ағым қазіргі қоғамға аса қауіпті.Сарапшылар бұл ағым өкілдерінің бүгінгі күнде үш топқа бөлінгенін айтады: тәкпіршілдік, суруриттік, мадхалидтік. Осы үш топтың саяси көзқарастары әртүрлі болғанымен негізгі діни сенімдерін қалыптастырған көсемдері мен ғалымдары, оқитын кітаптары, ұстанатын ақидалары бір. Олар ақидаларының негізі ретінде Ибн Таймияның концепцияларын қолданады.Ибн Таймия – 1263 жылы солтүстік Сириядағы Харранда дүниеге келген. Ол салафизм ағымының негізін қалаушы. Ислам ғұламалыры бірауыздан қабылдаған қағидаларға қарсы келіп, дін негіздеріне жататын «Таухид» ілімін «улухия», «рубубия» және «асма уа ас-сифат» деп үшке бөлуді негіздеп, шектен тыс әрекетке барған. Алайда, бұл негіздерді Ислам ғұламалары бірауыздан теріске шығарғандығы мұқым мұсылман әлеміне мәлім. Бұл жөнінде саудиялық замандасымыз, шейх, доктор Омар Абдулла Камил «Калиматун хадиятун фи баяни хатои ат-таксим ас-суласии лит-Таухид» (Таухидтті үшке бөлудің қателігі жөніндегі трактат) атты еңбегінде жан-жақты дәйектеп жазған. Автор таухидтың «Улухия» (тәңірлік), «Рубубия» (жаратушылық) бөліктерінде тартыс жоқ екенін, алайда «Асма уа ас-сыфат» (Алланың есім және сипаттары) бөлігінде салафилер шатасатынын жеткізген.Сонымен қатар, Ибн Таймия Құран Кәрімдегі «Мүтәшабиһ» астарлы аяттар мен астарлы мағынадағы хадистерді тікелей, сөзбе-сөз мағынасында түсінуге үндеген. Мысалы, ол «Түннің үшінші бөлігінде құлшылық еткен пендеге Алланың мейірімі түседі» деген мағынадағы хадисті «Алланың өзі түседі» деп, қате түсіндіреді. Сунниттік (Аһлі ас-сунна уал-жамағат) ақида бойынша Алла тағаланы «түсу», «бір орыннан екінші жерге қозғалу», «ұйықтау», «демалу» сияқты адами, антропологиялық, жаратылысқа тән сипаттармен сипаттауға тыйым салынған. Мұндай сипаттар Алла Тағала хақында кемшілік болып табылады. Бұл негіз Құран Кәрімнің: "Оған ұқсайтын нәрсе мүлде жоқ!" («Шура» сүресінің 11-аяты), "Алланы ештеңе ұқсатпаңдар" («Нахл» сүресінің 74-аяты), "Алла тағаланың еш теңдесі жоқ" («Ықылас» сүресі, 4-аяты) секілді аяттарынан алынған.
Бұл тұрғыда бір тарихи дерек келтіре кетейін. Әйгілі араб саяхатшысы Ибн Баттута (ХІІІ ғ.) өзінің «Тухфату ан-нузар фи ғараиб ал-амсар уа аджаииб ал-асфар» деген кітабында радикалды ойларымен танымал болған Ахмад ибн Таймияның Дамаск қаласындағы уағызын тындағанын, сол жерде орын алған оқиғаға куә болғанын былай жеткізеді:– «Ибн Таймия «Алла түннің үшінші бөлігінде бірінші аспанға осылай түседі» деп, мешіт мінберінің баспалдақтарынан төмен түсті. Сол кезде Ибн әз-Заһра атты Мәлики мазхабының фақих ғалымы орнынан тұрып, оның бұл сөзі дұрыс еместігін, исламға қайшы екенін айтты. Мешіт жамағаты наразылық танытты. Соңында, жамағат оны (ибн Таймияны) аяқ киімдерімен ұрып, мешіттен қуып шықты...». Сондай-ақ, Ибн Баттута аталмыш кітабында сол замандағы мысыр патшасы ән-Насыр Жоғарғы Сот шешімімен Ибн Таймияны экстремистік ойлары үшін Каирдегі Цитаделде орналасқан түрмеге қамағанын және оның сол қамауда жатып өлгенін жазған.Ислам дінінде экстремизмге жол жоқ. Бүгінде салафизм өкілдерінің ата-бабаларымыз ежелден тұтынған, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі жол – Исламның Ханафи мазхабындағы канондық нормаларды жоққа шығарулары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен тәртіпке бағынбай, мешіттерде бүлік тудырулары экстремистік сипатқа саяды. Ал қару көтеріп, қан төгулері ең ауыр қылмыс, террорлық әрекет.
Ислам діні – этностар мен халықтар арасында тыныштық, бірлік, ынтымақ қалыптастыруды мақсат етеді. Алланың 99 көркем есімдерінің бірі «Ас-салам» – «тыныштық», «бейбітшілік» дегенді білдіреді. «Ас-салам» мен «Ислам» сөзінің араб тілінде «тыныштық, бейбітшілік» мағынасын білдіретін «силм» түбірсөзінен шығатыны біраз сырды аңғартса керек. Әрбір мұсылман бір-біріне «Ассаламағалейкум!» деп амандық, тыныштық тілеп сәлемдеседі.Шынайы мұсылман адамның еш уақытта лаңкес, террорист болуы мүмкін емес. Өйткені Қасиетті Құранда «Кімде-кім шаң тозаңындай жақсылық жасаса, соның (сауабын алады), кімде-кім шаң тозаңындай жамандық жасаса, соның жазасын тартады» («Зилзала» сүресі, 7-8 аяттар) деген қағида бар. Егер сен тозаңның салмағындай теріс іс жасасаң, соған жауап бересің дегенді білдіреді. Құранда бір адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтірумен бірдей деген аят та бар. Ибн Аббас деген сахаба қасақана адам өлтіруші мәңгілік тозақта қалады дейді.Ағымдағы жылдың 14 қазанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мырзаның: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл болады. Салафиттердің барлығы ашық айтпаса да қатаң діни қағидаларға құрылған мемлекетті қоғамдық құрылыстың идеалды жүйесі деп есептейді. Осыған байланысты еліміз үшін салафизмді мүлдем жат, теріс ағым деп санаймыз» деген ойы өте дұрыс.
Жаһандану дәуіріндегі экстремизм тудырған қауіптің алдын алуда қоғам болып жұмылу қажет деп санаймын.
Ершат Ағыбайұлы ОҢҒАРОВҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысытеолог, Ph.D доктор
(Материал ҚМДБ-нан алынды.)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНДА СОТ ШЕШІМІМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ДІНИ МАТЕРИАЛДАР ТІЗІМІ
«Хизб-ут-Тахрир-әл-ислами» діни-экстремистік партиясының материалдары
1. «Ұлылық жолы» кітабы, Юсуф Ас-Саботин;
2. «Хизбут Тахрирдің Ислами Үмметке, соның күш иелеріне жолдаған ҮНДЕУІ»;
3. «Ислами тұлға» кітабы, Тақаюддин Набахони;
4. «Ислам жүйесі» кітабы Тақаюддин Набахони;
5. «Ислами нафсия негіздері» кітабы;
6. «Исламская личность» кітабы, Такийюдин Набахани;
7. «Политическая концепция Хизбут Тахрир» кітабы, Тақаюддин Набахани;
8. «Система ислама» кітабы, Такийюдин Набахани;
9. «Как был разрушен Халифат» кітабы, Абдул-Кадим;
10. «Ал-ваъй» журналы;
11. «Үнпарақтар» мерзімдік басылымдары, кітапша;
12. «Политические проблемы оккупации мусульманских стран» кітапшасы;
13. «Опасные понятия для уничтожения Ислама и концентрации Западной культуры» кітапшасы;
14. «Информация для братьев» кітапшасы;
15. «Ислам мемлекеті» кітапшасы, авторы Тақийюддин Набахони;
16. «Тапқырльқ» кітапшасы, авторы Тақийюддин Набахони;
17. «Саяси пікірлер» кітапшасы;
18. «Халифалық мемлекетіндегі білім бағдарламасының негіздері» кітапшасы;
19. «Дүниетанымдар қақтығысының тұрақтылығы» кітапшасы;
20. «Хизби ұйымдасу» Тақийюддин Набахони кітапшасы;
21. «Хизбут Тахрир» кітапшасы;
22. «Хизбут Тахрирдің саяси түсініктері» кітапшасы;
23. «Қатерлі түсініктер» кітапшасы;
24. «Жігіттер үшін мәліметтер» кітапшасы;
25. «Хизбут Тахрир жігіттерінің Данияда өткізген екінші жылдық форумдары» кітапшасы;
26. Халифалар» кітапшасы;
27. «Шәһри халқа «Жақсы салихалы әйел»;
28. «Қоғамға кіру» кітапшасы;
29. «XIII хижра (XIX милади) ғасырдан бастап...» деп басталатын кітапша;
30. «Демократия күпір системасы оны қабылдау, тарату және оған шақыру харам» кітапшасы, Абдул-Қадим Заллума;
31. «Иман жолы» кітапшасы;
32. «Хизбут Тахрирдің түсініктepi» кітапшасы;
33. «Ислам пікіpi жетекшілігі» кітапшасы;
34. «Воззвание Хизбут Тахрир к Исламской Умме, в частности к обладателям силы» кітапшасы;
35. «Политические воззрения» кітапшасы, Такийюддин Набахони;
36. «Концепция Хизбут Тахрир» кітапшасы, Такийюддин Набахони;
37. «Основы программы обучения в Исламском государстве» кітапшасы;
38. «Изменение» кітапшасы, Махмуд Абдуль Карим Хасан;
39. «Путь» кітапшасы, Ахамад Атыйята;
40. «Смерть» кітапшасы;
41. «Демократия система неверия» кітапшасы, Абдул Кадим Заллум;
42. «Вхождение в общество» кітапшасы;
43. «Партийное сплочение» кітапшасы, Такийюддин Набахани;
44. «Программа Хизбут Тахрир» кітапшасы;
45. «Подчинение Амиру» кітапшасы;
46. «Листовки» кітапшасы;
47. «Ақиқи ахуалымыз қандай?» үнпарағы;
48. «Американың Ресей және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына (ТМД) байланысты ұстанған саясаты» үнпарағы;
49. «Палестинаны қолдан беру бастамасына «атсалысу» саммиті» үнпарағы;
50. «Дүниетанымдар кездесуі кәпір Батыстьң қатерлі айласынан өзге нәрсе емес» үнпарағы;
51. «Баспасөз мәліметі Сирия вилаятындағы Хизбут Тахрир мүшелерінің тұтқындалуына қарамастан, Халифалықты құру мақсатымыздан мүлдем бас тартпаймыз» үнпарағы;
52. «Дәрменсіз жағдайға түсіп қалған Өзбекстан режимі Британияны Хизбут-Тахрирге тыйым салуға үндеуде» үнпарағы;
53. «Барлық мекендердегі құрметті бауырлар» үнпарағы;
54. «Үкім сұрап Ислами шариғаттың нұр және әділетіне бет бұрыңдар, сондай-ақ, «халықаралык, тексеру комиссиясы» жөніндегі жанжалдың отын өшіріңдер» үнпарағы;
55. «Хизбут Тахрирдің Ливан вилаяты бөлімінен министрлер қенесінің төрағасы Мухаммед Нажиб Майқотиге АШЫҚ ХАТ» үнпарағы;
56. «Жігіттер үшін мәліметтер: Кашмирдегі жаңалықтар» үнпарағы;
57. «Британия үкіметі шариғат пен Халифалық мемлекетіне шабуыл жасаумен шынайы ниетін әшкереледі» үнпарағы;
58. «Туркиядағы мүмін әйелдер, Аллаһ жолында айыптаушыньң айыбынан қорықпай, шындықты айтуда» үнпарағы;
59. «Ей, мұсылмандар, әcіpece ислами әрекеттері Америка Құрама Штаттарының тұзағына түсіп қалудан сақ болыңдар» үнпарағы;
60. «Жігіттер үшін саяси мәліметтер Түркия әділет министрлігіне қарсы шабуылдауға ұмтылу» үнпарағы;
61. «Расулуллоһқа қарсы жасалған дөрекіліктің қacipeтi мұсылмандарға: Исламды және мұсылманды қорғайтын Халифалықты құрыңдар деп жар салуда» үнпарағы;
62. «Алжир режимінің дұшпандармен байланыстарын қалыпқа келтіру үшін жүгіруі ХАЛИФАЛЫҚ мемлекетінің құрылуына кедегі бола алмайды» үнпарағы;
63. «Ислам қаһармандарының бipi» үнпарағы;
64. «Үкіметті құру қайтадан бастау деген сөз» үнпарағы;
65. «Үкімет атынан сөз сөйлеуші әділет министрі Жамил Чечакқа» үнпарағы;
66. «Баспасөз мәліметі. Палестина мәселесінің жалғыз шешімі – заңсыз (Израиль) мемлекетін талқандау»; «Баспасөз мәліметі Шаронмен көpicy - мұсылмандардың артына пышақ сұғу» үнпарағы;
67. «Баспасөз мәліметі. Шығыс Амбалат үстіндегі Индонезия мен Малайзия ортасындағы жанжал» үнпарағы;
68. «Сұрақтарға жауаптар» үнпарағы;
69. «Франкофонияның не екендігін білесіздер ме?» үнпарағы;
70. «Экономикалық дамуды көре алмау» үнпарағы;
71. «Сұраққа жауап» үнпарағы;
72. «Италиялық басқыншы күштердің бip батальоны жетіп келгендігі жөніндегі баспасөз мәліметі» үнпарағы;
73. «Ал-Хаят» газеті, құрметті публицист журналист Мумин Ғоли»;
74. «Бадрон үкіметінің министрлік баяндамасы атқару үшін емес, сенімге кipy үшін дайындалған» үнпарағы;
75. «Ливан мен Сирия ортасындағы «жасанды шекаралардың» шиеленісуі» үнпарағы;
76. «Хизбут Тахрирдің Түркия вилаятындағы бөлімінен құрметті ұстаз Фатхуллаһ Ғулан мырзаға AШЫҚ ХАТ» үнпарағы;
77. «Ей, қайыршылар, сол үшін мазасызданып жатырсыңдар ма?!» үнпарағы;
78. «Баспасөз мәліметі. Кашмир жайындағы Мушарраф пен Американың жоспарларына қарсы тағы да бұқаралық шерулер» үнпарағы;
79. «Хизбут Тахрир» аты әскери - материалдық ic-әрекеттерге неге мұнша қиқарлықпен араластырылуда?!» үнпарағы;
80. «29 қазан республика күні» мейрам емес» үнпарағы;
81. «Кәпірлердің бағдарламалары Исламды жеңіліске ұшырату үшін жасалып жатқан әрекеттерден басқа нәрсе емес» үнпарағы;
82. «Хизбут Тахрирдің Түркиядағы ресми өкілінің баскармасы. Жақында Аллаһтың қалауымен - құрылатын Халифалық орамалға шүйліккен қол мен тілдердің жауыздығына шек қояды» үнпарағы;
83. «Ей, Ислами жамағаттар! Және барлығың Аллаһтың арканына (Құранға) байланыңдар және бөлінбеңдер» үнпарағы;
84. «Баспасөз мәліметі»;
85. «Түркияның Еуропа одағына мүше болуы үшін өткізілетін келіссөздер алдаудан басқа нәрсе емес» үнпарағы;
86. «Түркия Жоғарғы ұлттық, кеңесінің төрағасы Бюлент Аринчке» үнпарағы;
87. «Ей, залымдар, мазаларың қашсын! Ей, мұсылмандар қуаныңдар! Аллаһтың рұқсатымен дарбазаның ашылуына немесе алып тасталуына аз қалды» үнпарағы;
88. «Баспасөз мәліметі. Абией... алдағы пітнә»;
89. «Баспасөз мәліметі Осло және жалған уәделер» үнпарағы;
90. «Баспасөз мәліметі. Өтпелі кезең конституциясын ұлттық мәжіліс арқылы еткізуге тырысу Аллаһқа, Оның Елшісіне және мүміндерге жасалған қиянат»;
91. «Баспасөз мәліметі. Қауіпсіздік және жауапсыздық»;
92. «Баспасөз мәліметі. Оппозиция ма немесе есеп-қисап алу ма?!»;
93. «Баспасөз мәліметі. Аллаһтың жолынан тосуда»;
94. «Баспасөз мәліметі. Оппозиция зайырлы конституция арқылы Батысқа жақындатуда»;
95. «Ғұламалар мен мешіт имамдарына үндеу: Өлкелерді уақытша конституциямен зайырлы болып кетуінің алдын сақтап қалыңдар»;
96. «Баспасөз мәліметі. Хизбут Тахрир Пәкістан-(Израиль) байланыстарының мейлінше күшейіп бара жатқанына қарсы шеру және жүріс өткізді»;
97. «Баспасөз мәліметі. «Newsweek» журналын барлық нәрсеге жауапкер етумен Америка өзінің Исламға дұшпан екендігін жасыра алмайды»;
98. «Баспасөз мәлімдемесі. Мушаррафтың Кашмир мәселесіне «жаңа қалыппен араласуы» оның бұл мәселеде толық шегінгендігін теріске шығаруға болмайтынын растайды»;
99. «Баспасөз мәлімдемесі. Интеллектуалды авторлық құқықтар арқылы Батыс Пәкістанды ғылыми және өнеркәсіптік дамудан тоқтатып қалмақшы»;
100. «Хизбут Тахрир Кашмирді бөліп тастау бойынша империалистік «жол картасына» қарсы наразылық шеруін ұйымдастыруда»;
101. «Баспасөз мәлімдемесі. Хизбут Тахрир Ислами Үмметтің Пәкістан солтүстігінде орын алған зілзала құрбандарына көмек көрсету әрекеттеріне толық қатысуға шақырды»;
102. «Баспасөз мәлімдемесі. Мушарраф Кашмирдің «өзін-өзі басқаруы» жөнінде жасаған баяндамасы Кашмирді тізе бүктіретінін жариялауы»;
103. «Жақында қабылданған мемлекеттік бюджет Пәкістанның Батысқа экономикалық тәуелділігін одан сайын арттырады»;
104. «Пәкістанның сатқын басшылары мұсылмандарды союға, мешіттерін ойрандауға шақырған мына Адваниге алғыс айтуға асығуда»;
105. «Американың Гуантанамо абақтысында Құранды аяқ асты етіп жатқанына қарсы БАСПАСӨ3 МӘЛІМЕТІ»;
106. «Баспасөз мәліметі. Йеменде пікіp үшін накақ қамау әрекеттері пікіpгe қарсы озбыр тыйымды күшейтуде»;
107. «Баспасөз мәлімдемесі. Бангладеш үлттық партиясыньң үкіметі бұрынғы Авоми лигасының үкіметі тәрізді Бангладеш халқының қаупсіздігін мүлдем қамтамасыз ете алмады»;
108. «Баспасөз мәліметі. Хизбут Тахрир Құранның Гуантанамодағы америкалық сарбаздардың қорлауына қарсы шығып, үлкен шеру өткізді»;
109. «Экономикалық клуб жиналысы жалған уәделер және күмәнді кездесулер»;
110. «Қырғызстаннан таралған ізгілік сәулесі»;
111. «Өмір істерінде Ислам жолын ұстану мұсылмандарға парыз»;
112. «Жігіттер үшін мәлімет»;
113. «Қөрмейді ме, олар жыл сайын бip-eкi рет бәлеге-пітнәға (алдап-арбауға) жолығуда. Содан кейін де, тәубе де кылмайды, үгіт-насихат та алмайды»;
114. «Сауалдарға жауап»;
115. «Құрметті бауырымыз, «Жол» газетінің бас редакторы»;
116. «Су көздерін жекешелендіру заңын жоюлары жайында Баспасөз мәліметі»;
117. «Алжир режимнің дұшпандарымен байланыстарын қалыпқа келтіру үшін жүгіруі ХАЛИФАЛЫҚ мемлекетінің құрылуына кедергі бола алмайды»;
118. «Рамазан айын қалай күтіп алдыңыз және онымен қалай қоштасып жатырсыз?»;
119. «Пайғамбардың соңғы (Қоштасу) құтпасы»;
120. «Паттани қacipeтi де Палестина касіретіне ұқсайды»;
121. «Ақиқат (яғни, Ислам) келді де, жалған (яғни, күпірлік) жойылды. Өйткені, жалған-күпірлік жойылушы нәрсе! Құрметті, Қазақстан және Орта Азия мұсылмандары!»;
122. «Иорданиядағы Хизбут Тахрир тарапынан Амманда өткізілген бipiшi халықаралық ислами форумға қатысқан ғалымдар мен ойшылдарға АШЫҚ ХАТ»;
123. «Самаррадағы оқиға Американың ici. Одан мақсат ­ мұсылмандардың ортасына ipiткi салу»;
124. «Америка мен Еуропа Шам өлкелері үстінде: күресуде. Ей, мұсылмандар, олардан сақ болыңдар!»;
125. «Хизбут Тахрирдан Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ»;
126. «Баас партиясының съезі ­ Сирия президентінің жаңа әкімшілігін құру және Америка әкімшілігінің талаптарымен үйлесуді тездету үшін орта қалыптастыру съезі»;
127. «Еш нәрсені қалдырмастан жоятын пітнәдан сақтаныңдар»;
128. «Мұсылмандар тек Ислами халифалық, құрылуы арқылы қайта үстемдіктеріне қайтуларын түсінуне сексен үш жыл жетпеді ме?»;
129. «Америка Иракта бұзық ойын арқылы пітнаны өршітуде. Ей, мұсылмандар, бұл пітнадан САҚ БОЛЫҢЫЗДАР»;
130. «Kiм көркем заң шығарушы − Жаратушы Аллah па, әлде жаратылған адам ба?»;
131. «Рамазан сұхбаты»;
132. «Үкім сұрап Ислами шариғаттың нұр және әділетіне бет бұрыңдар, сондай-ақ, «халықаралық, тексеру комиссиясы» жөніндегі жанжалдың отын өшіріңдер»;
133. «Хизбут Тахрир ­ Марокко: Ислам Үмметіне Рамазан айты мұбәрәк» болсын! Ол Үмметі пайғамбарлық жолы негізіндегі тура Жолдағы Халифалық мемлекетінің құрылуына алып келсін»;
134. «Баспасөз мәліметі. Исламнан мыңдаған жылдар бұрын пайда болған демократиялық жүйені бүгінгі күнде аткаруға болады екен, олай болса неліктен Аллаһ Тағала түсірген Ислам атқарылмай жатыр?»;
135. «Баспасөз мәліметі. Пікіри еркіндік атты жалған»;
136. «Халықаралық тексеру комиссиясын жіберу қарары жайындағы мәлімет»;
137. «Ей, Палестина мұсылмандары!»;
138. «Пришла истина, и исчезла ложь; поистине, ложь исчезающа! Уважаемые мусульмане Казахстана и Средней Азии!»;
139. «Касательно трагедии в Андижане»;
140. «Ливан қаны Америка-Франция күpeci «базарында» қатігез қарар және мұсылман басшыларының құттықтауы мен ipiткігe ауыз бipiктipy арқылы сатылуда!», «Ливанская кровь стала обменным товаром между Америкой и Францией при попустительстве и предательстве правителей стран»;
141. «Бізге Ирак вилаятынан Хизбут Тахрирден төмендегі мәліметтер келді»;
142. «Сауалдарға жауаптар»;
143. «Әділет тек Исламда ғана бар»;
144. «О, армии мусульман! Неужели среди вас не найдется праведного человека, ревностного к Исламу и мусульманам, а также к их чести и неприкосновенности?»;
145. «Ливан горит, а правители от этого в восторге!!!», «Ливан жануда.. Ал басшылар одан ләззат алып тамашалап тұр!!!»
146. «Дни без Халифата слишком затянулись» электрондық құжат мәтіні;
147. «Только посредством Халифата вы одержите победу!» электрондық құжат мәтіні.
«Ағайынды мұсылмандар қауымдастығы» діни-саяси ұйымының материалдары
148. «Закон джихада» үн таспасы;
149. «Клятва муджахида» үн таспасы.
Таратушы ұйымы айқындалмаған материалдар
150. Шейх Абу Джандал Аль Азади «Разрешение на уничтожение сотрудников всех служб защищающих тагута» кітапшасы.
151. Жалал Алим. «Болезненный зов всем мусульманам, и предводителям исламского мира» кітапшасы.
152. Абдулла Аззам. «Присоединяйтесь к каравану» кітапшасы.
153. Мухаммад Шакир аш-Шариф. «Аль-Альмания (светский образ жизни) и ее отвратительные последствия» кітапшасы.
154. Шейх Хусейн ибн Махмуд. «Мы заблудшие» кітапшасы.
Ақтөбе қалалық сотының 28.06.2012ж. шешімімен
тыйым салынған материалдар
155. «Зов к Умме» бейнефайлы.
156. «Шииты рафидиты (секта)» бейнефайлы.
157. «Niger 2» бейнефайлы.
158. «Аль Аджми» бейнефайлы.
159. «Заблудший» бейнефайлы.
160. «Prestuplenie shiitov na protyazheni vekov Mi TV» бейнефайлы.
161. «Дуа мусульманам мира» бейнефайлы.
162. «Hunafacon-Said abu Saad otveti dlya hunafacom 247» бейнефайлы.
163. «Комментарий к трем основам» кітабы.
Өскемен қалалық сотының 17.09.2012 ж. шешімімен
тыйым салынған материалдар
164. «12 тысяч моджахедов» аудиофайлы.
165. «Молитва» аудиофайлы.
Ақтөбе қалалық сотының 19.09.2012 ж. шешімімен
тыйым салынған материалдар
166. «39 способов помощи Джихаду и участия в нем» қағаздық нұсқадағы басылымы, әзірлеген: Мухаммад ибн Ахмад Салим, 35 бет.
167. Шейх Хамуд Ибн Укла аш-Шаайби. «Разъяснение того, что произошло в Америке» қағаздық нұсқадағы басылымы, 8 бет.
168. Абдуллах Азам. «Знамения Ар-Рахмана в Афганистане» қағаздық нұсқадағы басылымы, 18 бет.
169. «Я завидую гуриям, что взывают к тебе…» сөзімен басталатын және «Написал Расул бин Мухаммад Дагестани 7 Шаууаля 1430 г.» сөзімен аяқталатын қағаздық нұсқадағы басылым.
170. «Радостная весть рабам о достоинствах джихада!» қағаздық нұсқадағы басылымы, 36 бет.
171. «Medrese-1» аудиофайлы.
172. «Medrese-2» аудиофайлы.
173. «Дагестан джамаат «Шариат» аудиофайлы.
174. «Почему мы ненавидим их. Аль-Макдиси» аудиофайлы.
175. «Oproverzhenie-01» аудиофайлы.
176. «Нет Божества кроме АЛЛАХА.rtf» видеофайлы.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 04.10.2012ж. шешімімен тыйым салынған материалдар
177. Видеофильм «Невинность мусульманина».
Павлодар қалалық сотының 19.11.2012 ж. шешімімен
тыйым салынған материалдар
178. «На пути к бесконечности» аудиотаспасы.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 22.11.2012ж.
шешімімен тыйым салынған материалдар
179. «Исцеление сломанной ветви Авраама» кітабы
Атырау қаласы сотының 14.12.2012ж. шешімімен
тыйым салынған материалдар
180. «www.imamtv.com_dr3» бейнефайлы.
181. «Iiiii www.IMAMTV.com 2006dagestan 166» бейнефайлы.
182. «Всеобщее благо» бейнефайлы.
183. «Абу Дуджана, Муааз Абду-с-Салам и Усама rar» аудиофайлы.
184. «Где джихад 12 – Шейх Абдуль МУХСИН АББАД.flv» аудиофайлы.
185. «Гилаев rar» аудиофайлы.
186. «I islam akidasi» аудиофайлы.
187. «2 akidaga shakiru» аудиофайлы.
188. «3iman negizderi» аудиофайлы.
189. «9Allahka degen mahabat» аудиофайлы.
190. «Borba istini s lojyu i pozicij veruyushih.rar» аудиофайлы.
191. «Разговор муджахидов с родственниками» аудиофайлы.
192. «Переговоры муджахидов с кафирами и муртадами» аудиофайлы.
193. «Муджахиды. Аллаху-Акбар» аудиофайлы.
194. «Abulla Azzam vest o dostoinstvah» мәтіндік файлы.
195. «Abu Musgab as-Sury-Boevaya programma» мәтіндік файлы.
196. «Anvar al Awiaki 44 spospba» мәтіндік файлы.
197. «Makdisi klianus Allahom ti v opasnosti» мәтіндік файлы.
198. «Raskritie somnitel nyh dovodov» мәтіндік файлы.
199. «Razreshenie na unichtojenie 1» мәтіндік файлы.
200. «Razreshenie na unichtojenie 2» мәтіндік файлы.
201. «Razreshenie na unichtojenie 3» мәтіндік файлы.
202. «Фундаментальные понятия Аль-Джихада» мәтіндік файлы.
203. «Терроризм является частью ислама, кто отрицает, тот впал в неверие» мәтіндік файлы.
204. «Почему джихад?» мәтіндік файлы.
205. «Разрешение на уничтожение сотрудников всех служб защищающих тагута» мәтіндік файлы.
206. «С именем Аллаха Милостивого и Милосердного БОЕВАЯ ПРОГРАММА» мәтіндік файлы.
207. «Присоединяйтесь к каравану» мәтіндік файлы.
208. «Шейз Абдуллах Азам Защита Мусульманских земель» мәтіндік файлы.
209. «Аль каида. Шейх Абу Яхья аль-Либий: Либо джихад, либо позор. Выбирай!» мәтіндік файлы.
210. «Allah gotovit ummu dlya pobedi, Аллах готовит Умму для победы» мәтіндік файлы.
211. «Религия Ибрахима, призыв Пророков и Посланников, Абу Муххаммад Макдиси» кітабынан алынған қағаздық нұсқадағы үзінді басылым.
Тиым салынған діни ұйымдар
1. «Аль - Каеда» ұйымы;
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»;
3.«Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»;
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра - Гел»);
5. «Асбат аль - Аңсар»;
6. «Братья - мусульмане»;
7. «Боз гурд»;
8. «Орталық Азиядағы Жамағат можахеттері»;
9. «Лашкар - е - Тайба»;
10. «АУМ - Синрике»;
11. «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы»;
12. «Түркістан ислам партиясы»;
13. «Хизб - ут - Тахрир»;
14. «Алля - Аят» және басқа атаулары бар;
15. «Аят» Фархат ата, «Фархат ата тобы»;
16. «Ата жолы», «Ақ жол»;