Аудандық бюджеттің орындалуы

Темір аудандық қаржы бөлімі, Сізге 2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша Аудандық бюджеттің игерілуі жөнінде ақпаратты төмендегідей жолдайды:
Темір ауданы бойынша Аудандық бюджеттің 2018 жылдың кіріс және шығыс жоспарлары 5 731 868,1 мың теңге, оның ішінде : жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 3 322 322,0 мың теңге болып, Трансферттер түсімдерінің жоспары 867 749,0 мың теңге, Субвенция жоспары 930 000,0 мың теңге, Бюджеттік кредитті өтеу жоспары 20 375,0 мың теңге, Қарыздарды өтеу жоспары 47 346,0 мың теңге, Бос қалдық жоспары 21 961,1 мың теңге және 4 деңгейлі жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджетінің кіріс жоспары 125 691,0 мың теңге, Трансферттер түсімдерінің жоспары 100 254,0 мың теңге, және Субвенция жоспары 296 170,0 мың теңге.
Темір ауданы бойынша Аудандық бюджеттің 1 тоқсанының кіріс жоспары 1 004 877,5 мың тенге, оның ішінде: жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 604 606,0 мың теңге болып, кіріс жоспарының нақтылы түскені 624 203,0 мың теңге болды, жергілікті бюджеттің кіріс жоспарынан артық түскен қаржы 19 597,0 мың теңге, жоспар 103,2 пайызға орындалды, Трансферттердің түсімдерінен жоспары 102 384,0 мың тенге болып, жоспар 100 пайызға орындалды, Субвенция жоспары 190 000,0 мың теңге болып, жоспар 100 пайызға орындалды, Бюджет қаражатынан басы бос қалдық 3,5 мың тенге болып, жоспар 100 пайызға орындалды және 4 деңгейлі жергілікті өзін – өзі басқарудың дербес бюджетінің 1 тоқсанының жергілікті бюджеттің кіріс жоспары 27 545,0 мың теңге, нақтылы түскені 28 020,0 мың теңге болып отыр, артық түскен қаржы 475,0 мың теңге, жоспар 101,7 пайызға орындалды, Трансферттер жоспары 20 317,0 мың тенге болып, жоспар 100 пайызға орындалды, Субвенция жоспары 60 022,0 мың теңге болып, жоспар100 пайызға орындалды.
Аудандық бюджеттің 2018 жылдың 1 тоқсаны бойынша шығыс жоспары 1 004 877,5 мың теңге, жұмсалғаны 1 004 526,5 мың теңге, кассалық жоспары 100 пайызға орындалды.
Бюджеттік мекемелер шоттарында 351,0 мың теңге қаржы қалып отыр, бұл қаржы қалған қалдық.