Лицензиялау

Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 80 қаулысымен бекiтiлген)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берудiң, қайта ресiмдеудiң, беруден бас тартудың, қолданылуын тоқтатудың, лицензияның қолданылуын оқтата тұрудың және одан айырудың тәртiбi
1. Лицензияны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) Өтiнiш;
2) Жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) Өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
4) Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
5) Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
2. Лицензияны беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi көрсетiлген органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
3. Қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшiн лицензиар лицензияны алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк, өрт қауiпсiздiгi саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды ұсыну жөнiнде сауал жiбередi.
4. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгiленген тиiстi құжаттармен өтiнiш берiлген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
5. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салынған;
2) Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар табыс етiлмеген жағдайда лицензияны беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздер бойынша қаралады;
3) Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтiң түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
4) Өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
5) Өтiнiш берушiге қатысты оған заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда лицензияны беруден бас тартылуы мүмкiн.
6. Лицензияны беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
7. Егер лицензиар осы Ережеде белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны бермеген не өтiнiш берушiнi лицензияны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшiн белгiленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi тиiстi лицензиарды қызметтiң өзi өтiнiш берген түрiн жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге мiндеттi.
8. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтiң түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген кезде алынады.
9. Егер лицензия белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
10. Лицензия жоғалған, бүлiнген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi.
11. Бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы, сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны қайта ресiмдейдi.
12. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
13. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
2) лицензиядан алып қойылғанда;
3) бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға таратылған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;
4) лицензия ерiктi түрде қайтарылған;
5) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi алып тасталған жағдайларда тоқтатылады.
14. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.