Ақпарат

Жаз мезгіліндегі орман-дала өрттеріне жол бермеу мақсатында кезекті ТЖ комиссия отырысы.
2016 жылы 19 мамыр айында аудан әкімі – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Қаниев Бауыржан Нұралыұлының төрағалық етуімен жоспарлы аудандық төтенше жағдайлар комиссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде 2016 жылғы жаз мезгіліндегі орман-дала өрттері, суға түсу маусымына дайындығы жөніндегі іс-шаралар және ерікті өрт сөндіруші жасақтарының жәй күйіне бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Отырысқа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның мүшелері, аудандық төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғау қызметкерлерінің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен кәсіпорын басшылары қатысты.
Комиссияның төрағасы Б. Қаниев отырысты ашып, баяндамашыларға сөз берді.
Бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры А. Жанабергенов өз баяндамасында комиссия төрағасы Б. Қаниевке ұсыныс ретінде дала өрттерінің алдын алу үшін ауылдық округтерді қосымша өрт сөндіру ранецттерімен және ерікті өрт сөндіру жасақтарының мүшелерін оқытуды қамтамасыз ету керектігін айтты.
Содан соң 2015 жылғы бөлім тарапынан жүргізілген талдауына байланысты көп дала өрттері орын алған Кеңесту ауылдық округі және Темір қаласының әкімдеріне сөз берілді. Олар өз баяндамаларында орман-дала өрттеріне дайындық жүргізіліп жатырғандығын айтып, алдағы уақытта дала өрттеріне жол бермейтіндіктерін айтты.
Қосымша бөлім тарапынан қала және ауылдық округ әкімдеріне ҚР ІІМ 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығымен бекітілген «Дала өрттерін сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру» қағидаларын жұмыс барысында басшылыққа алу үшін ұсынылды.
Комиссияның төрағасы Б. Қаниев күн тәртібіндегі мәселеге кеңінен тоқталып, қала және ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Ақтөбе облысының ТЖД
Темір ауданының ТЖБ