Жұмысқа орналастыру

Казіргі күннің басты талабының бірі жұмыссыздар санын азайту. Осынау күрделі мәселенің тығырығынан шығуды әркім әр түрлі шешуде. Ауданда бұл жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі. Жаңа жұмыс орнын ашу, әлеуметтік жұмыс орнын ашу, жастар практикасы арқылы жастарды жұмыспен қамту, уақытша жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздарды қайта кәсіби даярлықтан өткізу сияқты. Бүгінге күні аудан бойынша тіркелген жұмыссыздар саны 63 адам. Бұл аудан халқының экономикалық белсенді тобына шаққанда 0,3 % болып отыр. Бүгінгі күні экономиканың өсуі мен күшеюінің арқасында үкімет әлеуметтік саланы көтеруге түбегейлі бет бұруға мүмкіншілік алды. Соңғы жылдары осы салада көптеген жұмыстар атқарылуда. Аудан экономикасының нақты секторының дамуы тұтастай алғанда әлеуметтік саланың жақсаруына әсер етті. Биылдың өзінде жеті айдың қорытындысы бойынша - 474 жұмыс орны ашылып отыр, жұмыс іздеуші ретінде өтініш жасаған 581 азаматтардың арасынан 336 адам жұмысқа орналасып отыр.
Аудан әкімінің «әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы бойынша округ әкімдерімен жеке кәсіпкерлермен бірлесіп «әлеуметтік жұмыс орындары» ұйымдастырылды, оған биыл 7 айдың ішінде - 111 жұмысқа орналасып, оларға жергілікті бюджеттен - 10000,0 млн ақша бөлініп, казір 3471,1 игеріліп отыр. Оқу орнын бітіріп келген жастарға іс-тәжірибие алу үшін «Жастар практикасы» ұйымдастырылып, биыл жыл басынан - 58 адам жіберіліп жұмыс жасауда, оларға жергілікті бюджеттен - 8598,0 млн теңге бөлініп, казір 3290,4 игеріліп отыр. Еңбекке орналастырылғандардың үштен бірін ауылдық жердің тұрғындары, жартысынан астамы мақсатты топқа жататын азаматтар. Ол еңбек нарығында бәсекелестігі төмен топтағылар.
Сонымен қатар мамандығы жоқ жағдайы төмен аз қамтылған отбасыларға уақытша ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылып, биыл жыл басынан 167 адам жіберіліп,оларға - 13000 млн теңге бөлініп казір - 5771,0 теңге игеріліп отыр. Сол сияқты әлеуметтік қорғауға мұқтаж мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдау үшін аудандағы жұмыс орны белгіленген аудан әкімиятының қаулысы қабылданып іске асырылуда. Қазіргі кезде 3 мүгедек жұмыссыздыққа тіркеліп, 3-уі де ақылы қоғамдық жұмыста, 1 адам «жастар практикасында» жұмыс жасауда және бас бостандығынан шығып жұмыссыз ретінде өтініш жасаған 2 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жіберіліп, жұмыс жасауда. Сонымен қатар тұрғын үй жәрдемақысын алушыларға биылғы жылға - 700 мың тенге қаржы бөлініп, оның 1 тамызына 38 отбасы 145 адамына 300 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, төленді.