Аккредиттеу

Жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу тәртібі.
Аккредиттеуді алу үшін өтініш білдіруші «Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік және өндіріс Басқармасы» Мемлекеттік Мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
№1 қосымшаға сәйкес өтініш;
Мекеме құжаттарының, бірлестіктің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы куәліктің және жарғының нотариалдық расталған көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда);
Бірлестік мүшелерінің тізімі.
Аккредиттеу жүргізу тәртібі келесі кезеңдерді қамтиды:
Комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы
Аккредиттеу органының аккредиттеу немесе дәлелді аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы
Аккредиттеу куәлігін немесе дәлелді аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша ескертпе беру
Құжаттарды қарау комиссия жиналыстарында жүзеге асады. Комиссияның:
- бірлестікті аккредиттеуді;
- бірлестікті аккредиттеуден бас тартуды;
- аккредиттеу туралы куәліктің күшін уақытша тоқтатуды немесе жоюды
ұсынуға құқығы бар.
Кәсіпкерлік және өндіріс Басқармасы арқылы комиссияның ұсынысы негізінде аккредиттеу куәлігін беру немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Аккредиттеу куәлігін немесе себептер негізінде аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша ескертпе беру аккредиттеу органы сәйкесінше шешім қабылдағаннан кейін бірлестікке бес жұмыс күні ішінде беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілер бірлестіктеріне
аккредиттеу жүргізу ережелеріне
№1 Қосымша
Кімге:_____________________________________________
(лауазымы, жетекшінің аты-жөні)
__________________________________________________
(орталық мемлекеттік немесе
__________________________________________________
жергілікті атқарушы орган)
Кімнен:_______________________________________________
(лауазымы, бірлестік жетекшісінің аты-жөні)
_________________________________________________
Реквизиттер:
_________________________________________________
(заңды тұлғаның мекен-жайы, хабарласу телефоны)
_________________________________________________
Аккредиттеуді сұраймын __________________________________________________
(бірлестік атауы)
___________________________________________________________________________
кәсіпкерлік мәселелер бойынша эксперт кеңесі жұмысы аясында құқықты танытуды ____________________________________________
(орталық мемлекеттік немесе
___________________________________________________________________________
жергілікті атқарушы орган атауы )
Жеке кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларының экспертизасы.
Өтінішке келесі құжаттар жүктелген:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________
5.________________________________________________________________________
М.О_____________________ ______________________________
(қолы) (лауазымы, аты-жөні)
Күні, айы: «____»_________________ 2011 жыл