Мектептер және балабақшалар

Қазіргі таңда Білім беру саласының басты міндеті білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту болып отыр. Ауданымызда білім беру саласында 32 мектеп (7 бастауыш, 6 негізгі, 19 орта оның ішінде 5 мектеп-балабақша), 4 мектептен тыс мекеме, 11 балабақша 2012-2013 оқу жылында жұмыс жасауда. Мектептердегі оқушылар саны 6213, мектептен тыс мекемелердегі оқушылар саны-791, балабақшалардағы тәрбиеленушілер саны 1000. 24 мектепте 37 мектеп алды даярлық топтары, 117 тәрбиеленушімен балабақшаларда 7 мектеп алды даярлық топтары, сонымен қатар 2-5 жас аралығындағы балалар үшін 27 мектепте 1118 тәрбиеленушілермен 53 мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс жасайды. Аудан бойынша 5 мектеп жанындағы интернатта 127 бала тәрбиеленуде.Аудандағы мектептердің барлығы интернет желісіне қосылған.
Ауданда 4 мектептен тыс мекемелер жұмыс жасайды. Олар Шұбарқұдық музыка мектебі, Оқушылар үйі және Көркем сурет мектебі. Оқушылар саны-770. Білім беру мекемелерін ұстау үшін 2012 жылға жыл басында бекітілген 2 234 241,0 мың теңге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 2 235 744,0 мың теңге болып нақтыланды. Облыстық бюджеттен күрделі жөндеуге №3 орта мектебіне 57 100,0 мың, Кенкияқ кентіндегі Ақбота балабақшасына 21 100,0 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Абай орта мектебіне 40 759,0 мың теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындау мақсатында мектептердің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 7,0 млн.теңге бөлініп, барлық мектептерде әктеу, сырлау, сынған терезе әйнектерін алмастыру жұмыстары жүргізілді. Ақбота балабақшасы бойынша ЖСҚ-н жасақтауға мемлекеттік сараптама қорытындысы үшін 795,0 мың теңге аударылды. Жалпы білім беру қорына бөлінген 17 709,0 мың теңгенің 450850, мың теңгесі жетім, аз қамтылған отбасы балаларына ақшалай көмек ретінде берілді. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында Еңбекші мектеп-балабақшасына жас ерекшеліктеріне қарай 740,0 мың теңгеге, 1-4 сыныптар үшін 20 парта, 5-11 сыныптар үшін 30 парта, №4 Шұбарқұдық орта мектебінің 2 сыныбына парта, тақта сатып алынды. Мектептердің медициналық кабинеттеріне 6000,0 мың теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды.
Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру шараларына аудан бойынша 5560 оқушы тартылады деп жоспарланса, бірінші кезеңде демалыспен, сауықтырумен қамтылған оқушылар саны-3456. 2011-2012 оқу жылын 6441 оқушы аяқтап, оның 608-і мектеп бітіруші түлектер. Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші түлектердің 372-і қатысып, аудан бойынша ҰБТ қорытындысы-78,6 балл.