Ауруханалар

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Темір орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Темір АОА бас дәрігері -Демегенов Есентемір Елеусінұлы
Байланыс телефондары: 8(71346)22703,22334
Факс: 8(71346)22649,23822
Мекен-жайы: Желтоқсан көшесі 5
Ауданда денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың өңірлік бағдарламасы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Аудан бойынша орталық аурухана 80 төсек орнымен, Кенкияқ селолық аурухана 18 төсек орнымен, туберкулез ауруханасы 60 төсек орнымен, 5 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік акушерлік және 14 медициналық пункті тұрғындарға қызмет етеді. 8 айда 2230 науқас ауруханалық ем алды.
Темір аудандық ауруханасы, Кенкияқ селолық ауруханасы және Шұбарши, Темір дәрігерлік амбулаторияларында күндізгі емдеу бөлімдері жұмыс істейді, онда айна 1270 науқас ем алған. Ауданның емдеу мекемелерінде 143482 қараулар жасалды. Скрининг әдісімен 0-18 жас аралығындағы 7564 балалар мен жасөспірімдер медициналық тексерулерден өткізілді, 804 науқас анықталды. 202 сауықтырылды. 30-60 жас аралығындағы жатыр мойнының ісігіне 818 әйел тексерілді, 9 науқас бақылауға алынып, оның 7 науқас сауықтырылды. 50-60 жас аралығындағы 733 әйел сүт безінің рак ауруына қаралып, 34 науқас анықталып, барлығыда сауықтырылды. 40-70 жас аралығындағы тұрғын глаукомаға 3051 тұрғын қаралған, 5 науқас анықталып, барлығыда сауықтырылды. 50-70 жас аралығындағы 1342 тұрғын тік ішек ісік ауруларына қаралды, анықталған науқас жоқ. 18 жастан жоғары 4530 ауыл тұрғындары скрининг әдісімен артериалды гипернонияға қаралып, 210 науқас анықталып, оның 196-ы сауықтырылды. Қант диабетіне 4530 тұрғын қаралды, 26 науқас анықталып, барлығыда сауықтырылды.
Туберкулезге 16875 тексерулер жүргізілді, оның ішінде ренгенофлюорография әдісімен 11630, манту сынамасы арқылы 4868, бактериоскопиялық әдісімен 377, нәтижесінде 14 науқас анықталды. Туберкулездің белсенді түрімен 92 науқас есепте тұр, туберкулезбен қарым-қатынаста болғандар-167 адам, оның ішінде–78 балалар, 26 бала оқшауланған, оның 19 бала балабақшаға, 3 бала «Шағала» санаториясына, 23 балабақшаның санаториялық тобына жіберілді. Туберкулездың алдын алу мақсатында 89 дәріс оқылды, 631 әңгімелер жүргізілді, 69 жар газеті шығарылды, 54 диктант жазылды.