Әлеуметтік көмек

2012 жылдың жыл басынан 2 отбасы 7 адамға 191,2 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып,төленді. 2012 жылдың жыл басынан 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік көмек 546 отбасы 1484 балаға 16376,5 теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалып төленді. Жыл басынан тұрғын үй жәрдемақысына 53 отбасына 450,0 мың теңге тағайындалды. Ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын 13 зейнеткерге 416,1 мың теңге тағайындалып, төленді. 1,2,3 топтағы мүгедектерге азық - түлікке және коммуналдық қызмет бағаның өсуіне байланысты халықтың әлжуаз санаттарына төленетін қосымша жәрдемақы 542 мүгедекке 14712,0 мың теңге, аз қамтамасыз етілген 2 отбасына 33,9 мың теңге қосымша жәрдемақы, сонымен қатар жыл басынан 16 жасқа дейінгі мүгедек 91 балаға 2634,0 мың теңге қосымша жәрдемақы, дербес 10 зейнеткерге 168,3 мың теңге қосымша жәрдемақы төленді. Және де 12 мүгедектердің жолдама арқылы 200,7 мың теңге емделу жол ақысы төленді. Облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 12 желтоқсандағы № 317 «Жеңілдіктер беру турлы» шешіміне байланысты (электр қуатына, орталық жылуға, суға, көмірді сатып алуға, телефон үшін абоненттік төлем, судың кәрізін шығаруға) 382 адамға 7235,3 мың теңге жеңілдіктер төленді.