Тіркелім НҚА

Темір ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қалмағанбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: А.Жүсібалиев
Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі №281 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №919 «Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекеменің үлгі жарғысын (ережесін) және мемлекеттік кәсіпорынның үлгі жарғысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі №281 қаулысына
өзгерістер енгізілсін: «Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық әдістемелік орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» деген сөздер «Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Темір аудандық әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қалмағанбетовке жүктелсін.
Аудан әкімі А.Жүсібалиев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 17 тамыздағы №5033 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 181 22.07.2016 ж.
Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін;
Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қалмағанбетовке жүктелсін.
Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Жүсібалиев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 25 тамыздағы №5036 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 182 22.07.2016 ж.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру,
бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы
мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Мұңайтбасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Жүсібалиев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылғы 20 мамырда №4938 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті №109 2016 жылғы 20 сәуір
Темір ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау
әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12705 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір ауданының жергілікті атқарушы органдары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Е.Сатаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 9 наурыздағы №4772 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 38 12.02.2016 ж.
«Темір ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін
құру және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Темір ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған «Темір ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә.Мұңайтбасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 3 наурыздағы №4761 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 37 12.02.2016 ж.
«Темір ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Темір ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Темір ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Темір ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. Қоса беріліп отырған «Темір ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә.Мұңайтбасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 23 ақпанда №4752 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 13 12.01.2016 ж.
Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245 «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының Темір ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі Б.Н.Қаниев
Зарегистрировано в Департаменте юстиции
Актюбинской области от 23 феварля 2016 года № 4752
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
АКИМАТА ТЕМИРСКОГО РАЙОНА
поселок Шубаркудук № 13 12.01.2016 г.
Об утверждении перечня автомобильных дорог общего пользования районного значения по Темирскому району
В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 7 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года № 245 «Об автомобильных дорогах», акимат Темирского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Утвердить перечень автомобильных дорог общего пользования районного значения по Темирскому району Актюбинской области согласно приложению.
2. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима района Б.Избасову.
3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Аким района Б.Н.Каниев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде
2016 жылы 12 ақпанда №4743 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
Шұбарқұдық кенті № 16 15.01.2016 ж.
Темір ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Темір ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қалмағанбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі Б.Қаниев
Зарегистрировано в Департаменте юстиции
Актюбинской области от 12 феварля 2016 года № 4743
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
АКИМАТА ТЕМИРСКОГО РАЙОНА
поселок Шубаркудук № 16 15.01.2016 г.
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольноевоспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по
Темирскому району на 2016 год
В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 8-1) пункта 4 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года № 319 «Об образовании»,акимат Темирского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
1. Утвердить государственный образовательный заказ на дошкольное воспитание и обучение, размер подушевого финансирования и родительской платы по Темирскому району на 2016 год, согласно приложению к настоящему постановлению.
2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акимарайона Ж.Калмаганбетову.
3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2016 года.
Аким района Б.Каниев
Зарегистрировано в Департаменте юстиции по Актюбинской области
от 6 января 2016 года №4666
РЕШЕНИЕ АКИМА
ТЕМИРСКОГО РАЙОНА
пос.Шубаркудук №10 2 декабря 2015 года
Об организации и обеспечении проведения
приписки граждан к призывному участку
в период с января по март 2016 года
В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2012 года №859 «Об утверждении Правил ведения воинского учета военнообязанных и призывников», аким Темирского района РЕШИЛ: 1. Организовать и обеспечить проведение приписки к призывному участку государственного учреждения «Отдел по делам обороны Темирского района Актюбинской области» граждан мужского пола 1999 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, а также граждан старших возрастов, не прошедших ранее приписку, проживающих постоянно или временно на территории Темирского района, в период с января по март 2016 года.
2. Начальнику государственного учреждения «Отдел по делам обороны Темирского района Актюбинской области» принять меры по обеспечению организованного проведения приписки граждан к призывному участку, о результатах приписки информировать акима района к 10 апреля 2016 года.
3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Б.Избасова.
4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
Аким района Б.Каниев
Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2016 жылдың 6 қаңтарында
№4666 болып тіркелді
ТЕМІР АУДАНЫ
ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ
Шұбарқұдық кенті №10 2 желтоқсан 2015 жыл
2016 жылдың қаңтарынан бастап наурызына
дейінгі кезеңде азаматтарды шақыру
учаскесінде тіркеу жүргізуді ұйымдастыру
және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы №859 «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Темір ауданы әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейiнгi кезеңде «Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiне тiркеу жылы он жеті жасқа толатын 1999 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тiркеуден өтпеген, Темір ауданының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын ересек жастағы азаматтарды тiркеуден өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2. «Ақтөбе облысы Темір ауданы қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы азаматтардың шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымшылдықпен жүргiзудi қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын, тiркеу қорытындысы туралы 2016 жылдың 10 сәуiрiнде аудан әкiмiне хабарласын. 3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Ізбасовқа жүктелсiн.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Қаниев