Атқарылған іс-шаралар

Жолдауды талқылады
Өткен аптада аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық
орталықтың ұйымдастыруымен жастардың азаматтық бастамаларын,
рухани адамгершілік, шығармашылық және дене күш қуатының әлеуетін дамыту,
қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, аудандағы мемлекеттік жастар
саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында аудандық кітапханада дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, мектеп мұғалімдері, жас мамандар мен студенттер қатысты. Аудандық жастар жөніндегі ресурстық орталық басшысы А.Жақсылықов жиынды ашып:
-Бүгінгі біздің бас қосуымызға түрткі болған Елбасымыздың 2014 жылғы халыққа жолдаған Жолдауы. «Мәңгілік ел» идеясы барша қазақстандық қоғамның басын біріктіретініне сенімім мол. Бұл Жолдауда Елбасы айтқандай барша жастарды алға қойылған жобаларды бірлесіп атқаруға шақырамын.
Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды қоғамдық бірлестіктерді, барша қазастандықтарды 2050 стратегиясының басты мақсатында жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын. Бұл стратегия әсіресе жастарға арналған. Оны жүзеге асыратын да жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар,-деп өз ойын жеткізді.
Одан кейін «Жастар жөніндегі ресурстық орталық» инспекторы Абай Айболат Абайұлы Жолдаудағы басым бағыттарды слайдтар арқылы дөңгелеек үстелге жиылған жастарға таныстырды.
Ал «Болашақ жолы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аяшов Ырысбай Аманжолұлы Жолдаудағы ең басты мәселелерге тоқтала келе бірлестіктің жылдық жоспары бекітіліп алдағы уақытта белсенді жұмыс жасайтындығын айтып өтті. Сондай-ақ, жиынға қатысушы мұғалімдер мен жас мамандар тарапынан ауданда ғылыми қоғамдық бірлестік ашылса деген ұсыныс тасталды.
«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік»
Жақында Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күніне орай аудандық жастармен
жұмыс жөніндегі ресурс орталығының
ұйымдастырумен аудандық кітапханада
«Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Бәкиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы Б.Шаимов, қазақ тілі қоғамының төрайымы Г.Дулатбай, ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы А.Даниярова, ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Н.Шаупет және мұғалімдер, оқушылар қатысты.
Жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы Б.Шаимов дөңгелек үстелді өз сөзімен ашып, жастарға, оқушыларға тұғыры биік Тәуелсіздігіміз туралы қышқаша мағлұмат бере отырып, құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауовқа сөз кезегін берді. Н.Қалауов егеменді елімізге Тәуелсіздігіміз қалай келгендігі туралы жан-жақты, салыстырмалы түрде үлкен мағлұматтар беріп өтті. Әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауов дөңгелек үстелді пікірталас ретінде жүргізіп отырды. «Тәуелсіздік бізге қалай келді?» сұрақтары қозғалып, өз ойларын №1 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Жалғасқызы, ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Н.Шаупет білдіріп, «Желтоқсан» атты Тәуелсіздік күніне арнап шығарған өлеңін арнады. Қазақ тілі қоғамының төрайымы Г.Дулатбай Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оқушыларға үлгі ететіндей мысалдар келтіріп,өз ойын ортаға салды. №4 орта мектебінің оқушысы Ш.Сариевтің «Желтоқсан бізге оңай келмеді» атты өлеңін оқыды. Дөңгелек үстел соңында аудан әкімінің орынбасары Н.Қалауов құттықтау сөз сөйлеп, қорытындылады.